Тунгус-маньчжур тілдері

Тунгус-маньчжур тілдері — ежелден Шығыс Сібір ме Қиыр Шығысты мекендейтін эвек (тұнғыс), эвен (ламут), негидаль, ороч, удэгей, орок, ульчи, нанай халықтары тілдері. Тунгус-маньчжур тілдерінде сөйлейтіндер Қытайда (Солтүстік-Шығыс Қытай, Шынжаң) және Моголияда (Барги ауд.) кездеседі.
2002 жылғы санақтың нәтижесінде Сібірде Тунгус-маньчжур тобында 72 058 адам анықталды:
эвенк — 34 989 адам
эвен — 18 886 адам
нанайлар — 11 947 адам
ульчи — 2852 адам
удэгей — 1622 адам
орочтер — 644 адам
негидаль — 527 адам
орок — 327 адам
тазы — 276 адам
Бірақ осылардың арасыда Тунгус-маньчжур тілдерінде сөйлейтіндері көп есе аз. Көбінесе қариялар сөйлей алады. Оның үстіне Тунгус-маньчжур тілдері орыс, бурят, якут тілдерінің әсеріне ұшыраған.
Тунгус-маньчжур тілдері мынадай тармақтарға бөлінеді:

  1. маньчжур тілі және оның сібір т.б. диалекті, бұл топқа олі тіл чжурчжен де енеді
  2. тунгус тармағы, ол өз ішінен эвенкі, нанай тобына жіктеледі.

Маньчжурлар 16-шы ғасырдың аяқ кезінде монгол жазуын қолданатын. КСРО-дегі эвек, эвен, нанай, удэгейлердің жазуы 1920 жылдардың аяғында латын алфавитіне негізделді. Ал 1936 ж. олар орыс алфавитін қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *