Төменгі Амур мен Сахалин аралында нивхтар,нанайлар,ульчтер,удэгейлер,ороктар,негидалдықтар өмір сүреді.Олар теңіз аңдарын және тайга жануарларын олжалап, балық аулайды, бұғыларды бағады. Отырықшы өмір салтын ұстанған халықтардың қысқы баспаналары бұрынғы кезде жеркепе болған. XIX ғасырда оларды мұржасы бар пештер , ал кейіннен ағаш жармалы үйлер ығыстыра бастады. Бірақ әлі күнге дейін жазғы және уақытша тұрақтары қызметін ағаш қабығымен жабылған итарқа мен лашықтар атқарып келеді. Бұл халықтардың көпшілігінің тілдері алтай тілдік тобының тұңғыс – манчжур бұтағына жатады. Төменгі Амур мен Сахалиннің халықтары көне нанымдарын сақтаған. Көп ғасырлар бойы шамандар – адамдар мен рухтар арасындағы дәнекерлер үлкен беделге ие болып келді. Нивхтер тілінің көршілес халықтар тілімен ешқандай ортақтығы жоқ. Олар күнкөрісін балықшылықтан және итбалық аулаудан айырған . Жаймашуақ жыл мезгілінде нивхтар аң мен балық аулауға қайықпен , ал қақаған қыста ит шаналармен аттанған. Он мыңдаған қақталған балықтарды тіреулі камбаларға сақтап , ұзақ қыста кәдеге асырған. Төменгі Амурда тұрмыс кешетін халықтар басқаларға қарағанда , туыстық қатынасты үзбей жалғастырып келеді. Бұл әсіресе нивхтарға қатысты. Оларда тайгада тұратын барлық халықтарға тән аюды пір тұту рәсімі барынша тараған. Ороктар Сахалинде , ал орочтар мен негидалдықтар Амурдың төменгі ағысында өмір сүреді. Бұл халықтар теңіз жағасына жақын қоныстанғандықтан , итбалықтар мен басқа да теңіз жануарларының аулаудың әдісін жақсы меңгерген . Бұдан бөлек , ороктар бұғы аулаудан несібесін айырса, орочтар мен негидалдықтар – тайга аңшылары мен балықшылары . Амур ормандарында ғұмыр кешетін екі туыс халық нанайлар мен ульчтер өздерін нани деп атайды. Олардың ата – бабалары Қиыр Шығысқа 5 мың жыл бұрын келген. Еркек нанайлар мен ульчтер – әккі ізкесерлер мен аңшылар. Байырғы «удэгей» халқының атауы орыс тіліне «орман адамдары» ретінде аударылады. Ғасырлар бойы удэгейлер ит мұрны өтпейтін тайганы мекендеген . Қазірде де олардың көпшілігі Хабаровтағы және теңіз өлкесіндегі орманды қыстақтарда тіршілік етеді. Удегейлердің барлығы – туабіткен аңшылар.