Құлқын

Құлқын. Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — қара бастың қамы, пайдасы. «Өз құлқыны. үшін қандай болса да сатып кете беретін жігіт» (Б. Майлин, Шығ.). Сырт қарағанда, қазіргі түсінігіміз— туынды, ауыспалы мағына нәтижесі. Дәл осы тұлғалас араб сөзі «құлқум» -ның мағынасы — жұтқыншақ, адамның тамағы мағынасында қолданылады. Осыған қарағанда, кейбір авторлардың сөз төркіні араб тілі деп белгілеуіне қосылуға да болады. Мысалы, К.Юдахин қырғыз тіліндегі «кулкун» (жұтқыншақ) сөзінің тұсына араб тілінен дегенді көрсеткен. «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» атты кітабында Е. Бекмұхаметов те осы пікірде. Арабтарға түркі, моңғол тобындағы тілдерден ауысып баруы да мүмкін. Кейбір тіл деректері осы ойымызды қуаттағандай болды. моңғол тілінде «хоолой» сөзі — адамның тамағы, жұтқыншағы, ал «хоол»— ішетін ас, тамақ мағыналарында кездеседі (. Мұнда біз бір түбірден пайда болған, мағынасы бірімен бірі байланысты сөздермен кездесіп отырмыз. Демек, тамақты адам асқазанына жеткізетін жолдың — жұтқыншақтың атауы моңғолдарда алғашқы «хоол» сөзінен пайда болған. Тағы бір мысал, қалмақ тілінде «жұтқыншақ» мағынасы «хол» сөзі арқылы айтылады да, ал талан-таражға салу — «хулхалх». Түркі тілдері ішінде якуттарда«жұтқыншақ» мағынасын «қуолай» сөзі ұғындырады, «кылк гын» сөз тіркесі қазақ тіліндегі «жұту, жұтып қою» етістігі мағынасы орнына қолданылады. Қорыта айтқанда, сөз төркіні түркі, моңғол тобындағы тілдерге ортақ болған да, кейін келе әрқайсысы өздерінің тіл заңдылығына қарай дыбыс өзгерістерін кіргізген әрі алғашқы түбірге түрлі жұрнақтар жалғай отырып, жаңа мағыналар туғызған. моңғол тіліндегі «о» дыбысының орнына түркі тілдерінде бірде «ы», кейде «ұ» дыбыстары айтылатынын якут («кыл»), қазақ тілдерінен («құл») байқалып отыр. Көрсетілген түбір (хоол, қыл, құл) ең алғаш «тамақ» (ішетін), одан әрі тамақ жүретін жол («жұтқыншақ»), бері келе, әсіресе, қазақ тіліндеқазіргі кездегі мағынаға дейін әзгеріске түскен (құл — тамақ, ас>құл + қын (жұтқыншақ) >құлқын (өз пайдасы, бас пайдасы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *