Өркені өсу. Түсіндірме сөздігіміздегі мағынасы — басқа бас қосылу, үрім-бүтақты болу.
«Рахмет, балалар, өркендерің өссін. Мына шоколадты бөліп жеңдер,— деп, тұман көз балаға ұсынды» (С. Шаймерденов, Өмір.).
«Өркен» сөзінің алғашқы түбірі мен мағынасын моңғол тобындағы тілдерден табамыз.
- моңғолдарда: үр — тұқым, дән; бала, сәби,
- ал бурят тілінде: урһэн — түқым.
Түркі тілдерінен «тұқым, ұрық» мағыналарын беретін осы тұлғалас сөздер қырғыз, тува тілдершде үшырасады. Қырғызша —«үрөн», тува тілінде—«үрезин». Осы деректерге қарағанда, сөздің алғашқы түлғасы мен мағынасы моңғол, түркі тобындағы тілдерге ортақ болуы да мүмкін. Тіпті мағынасы мен дыбыстық қүрамы сәйкес сөздер тунгус-маньчжур тобындағы тілдерде де кездеседі.
Көрсетілген деректерге сүйенсек, «өркені өсу» тұрақ- ты тіркесінід мағынасы, алғашқы кездерде, «тұқымы өсу» үғымымен бірдей болған