АМЕТИСТ (грек.amethhustos)

АМЕТИСТ (грек.amethhustos) — минерал, кварцтың күлгін, көгілдір күлгін мөлдір түрі. Қысқа призмалы жеке кристалдар немесе топталып друза түрінде кездеседі. Түсі құрамындағы темір қоспасына және қыздыру темп-расына байланысты өзгереді. Төменгі темп-ралы гидротермальды желілерде түзіледі. А-тін әсем бояулы ірі кристалдары асыл тасқа жатады, зергерлік істе колданылады. Жасанды А. алу өндірісі де жақсы дамыған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *