Қазақ архитектурасы

Қазақ архитектурасы, Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштеркешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы.

Badshahi Mosque July 1 2005 pic32 by Ali Imran (1).jpg
Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі

Ислам мәдениеті

Архитектура

Араб ·Әзірбайжандық
Үнді-Ислам ·Айуандар ·Малайлық
Мавритан · Марокколық · Моғол
Османдық ·Парсы ·Рази стилі
Судандық · Татар
Қазақ ·Орта Азиялық

Өнер

Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер
Орта Азиялық миниатюра мектебі
Тебриз миниатюра мектебі
Үндістандағы ерте ислам өнері
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері

Киім әдебі

Абайя ·Иқал ·Боубоу
Бурқа ·Чадра · Джаләбия
Ниқаб ·Шалбар қамис ·Сонгкок
Тақия · Куфия ·Сәуб
Джильбаб ·Хиджаб ·Феска

Мейрамдар

Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт
Қадір түні ·Мәулид ·Рамазан

Әдебиет

Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық
Индонезиялық · Явалық ·Кашмирлық
Күрд ·Малай ·Парсы ·Пенджаб ·Синд
Сомалилық ·Түрік ·Қазақ ·Урду

Allah-green.svg Ислам порталы
к · т · ө

Сурет:Домбауыл кешен.jpg
Домбауыл кешені. 8 — 9 ғасыр


Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас,

Қазақ архитектурасы. Қошқар Ата қүлпытасы. Атырау облысы

Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.

Арыстан баб кесенесі, 12 ғ.

Қола дәуіріндегі кешендерӨңдеу

Алматыдағы телеорталық

Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. 9 – 6 ғасырлар, Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған), сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. 4 ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында (Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған. Қола дәуіріндегі қабір үсті құрылыстары пішіндерінің композициясы мемориалдық және басқа құрылыстардың пішінін қалыптастыру үшін үлгі болған космогониялық түсініктердің белгілі бір жүйесі екенін дәлелдейді. Олардың жекелеген шарттары Қазақстанның кейінгі дәуірдегі ғұрыптық архитектурасының негізіне айналды.

Ерте орта ғасырлардағы кешендерӨңдеу

Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экон. маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары шикі кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды. Тараз тақталары 5 – 7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архит. нақыштың осындай түрлерімен біртекті. Қалалар сауда-экон. маңызының онан әрі артуы шахристанға шығыс, оңт. және батыс жағынан келіп тірелетін қала іргесіндегі рабаттардың дамуына жағдай туғызды. 11 – 12 ғасырлар қарсаңында қирап қалған бұрынғы бекіністердің орнына қаланы билеушілердің кеңейтілген, қайта жөнделген қорғаныс жүйелері бар жаңа бекіністері (сарайлар) тұрғызылды. Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. Негізгі құрылыс материалдары саз балшық соқпалар мен шикі кірпіш болды. Бірінші кезеңдегі бекініс ғимараты шикі кірпіштен екі қабатты монументті етіп салынды. Оның тұғырлы қабатының ортасына биікт. 2 қабат, диам. 5,8 м жартылай өрісті күмбезбен көмкерілген және де бекіністің жоғ. қабаттағы басқа да бөлмелерінен бөлек сегіз қырлы зал орналасты. Залдың ортасында тас тақталармен шегенделген құдық қазылды. Ғимараттың батыс беті жағындағы залдың кіре берісі үстіңгі қабаттағы тұрғын жайлармен, күмбезбен көмкерілген баспалдақтар галереялары арқылы байланысады. Қабырғалардың түрлі биіктігінен ойылған ойықтардан галереяларға жарық түсірілді. Күмбезді зал ерекше құралымды құрылымымен көзге түседі. Шаршы пішінді сегіз бұрышқа айналдыру үшін оның бұрыштары кірпіш бағаналармен 2,88 м биіктікке дейін көтеріліп, содан кейін сегіз қырдың бұрыштарынан, айналдыра қалау әдісімен тұрғызылған жартылай өрісті күмбездің іргетасынан сатылы аркалар тұрғызылған. Қалыңд. бір кірпіш (40 см) күмбездің сыртқы 4 жағы айқас тартылған бедерлермен нығайтылған. Барлық бөлмелер мен баспалдақты галереялардың өтпе жолдары сыналап қаланған жебе тәрізді аркалармен жабылған. Осындай бекініс үйі Шардара бөгенінің аймағындағы Ақтөбе-І ежелгі елді мекенінен табылды. Бұл шикі кірпіштентұрғызылған екі қабатты бекініс-үйдің бөлмелері жоғарыда айтылған тәсілмен жоспарланған, ортасында құдықты залы бар. Луговой т. ж. ст. (Жамбыл облысы) аймағындағы ежелгі Құлан қ. өзінің жоспарлану құрылымы, құрылыс материалдары және құралымдық тәсілдерінің ерекшеліктері жөнінен ерте орта ғ-ларға тән қалалардың қатарына жатады. Қазақстанның ерте орта ғ-лық ескерткіштерінің ішінде Ақыртас деп аталатын салынып бітпеген құрылыс керуен-сарайға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *