Сингармонизм

Сингармонизм (гр. συν — бірге, гр. ἁρμονία — үндесу) — үндестік заны. Үндестік заңы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалықбейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосьімшалар да осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Сингармонизмнің басты касиеті, оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді.

Сингармонизмнің жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарай, үндес дыбыс, үндес белгі, үндес сөз, үндес буын, үндес әуен сияқты терминдер қолданылады.

Сингармонизм қалыбысингармонизмбойынша сөздердің не біркелкі жуан, не біркелкі жінішке болып айтылу қалыбы. Мұндай қалып сөздердің басым көпшілігіне тән.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *