Орта азия түркі әдеби тілі

Орта азия түркі әдеби тілі (орта түркі тілі, шағатай тілі) — негізінен, араб әліпбиіндегі ХІҮ-ХҮІ ғ. жазба ескерткішінің тілі.

бұл тілдегі мұралар — әр алуан орта ғасыр ескерткіштері. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы XI ғасырдан-ақ басталатыны белгілі. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мағұлым болған тұңғыш нұсқасының бірі — «Құтадғу біліг» (1069 жыл) дастаны. Бұл ғақлия дастанының араб әрпімен жазылған Наманганжәне Каир қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшірілген. Махмұд Қашғари «Диуан лұғат ит-түрік» деген түркі тілдері саласын- дағы арабша жазылған тарихи-салыстырмалы сөздік-зерттеуі де XI ғасырдың мұраларына қосылады. ХІІ-ХІҮ ғасырларда араб әліпбиімен жазылған туркі тілінде жазылған ескерткіштер — Ахмед Йүгінекидің «Хибат ул-хақаиқ» («Ақиқаттар тартуы»), «Қисас ул-анбия» («Әулие- әнбиелер қиссасы») т. б. Осы іспетті туындылар тілі жағынан Ү-ХІ ғасырдағы көне түркі тілімен ертеден әдетке айнапған дәстүрлі жалғастығы бар екенін керсетеді. Бұл салада профессор A. К. Боровков ХІІ-ХІҮ ғасырдағы ескерткіштерді зерттеу — қазіргі белгілі бір тілдің аясындағы ғана енші емес, бүкіл түркітанудың алдында тұрған аса күрделі ортақ міндет» деп өте орынды көрсеткен. Асылында, осы аталып отырған жазба ескерткіштердің ХІҮ-ХҮ ғасырдан бері қарай дамып, Орта Азияда кеңінен пайдаланған әдеби тіл нұсқасы «шағатай» тіліндегі ескерткіштермен ішінара айырмашылықтары бар екенінін де ескеру қажет. Көне түркі тілі, оның бір тамыры саналатын көне ұйғыр тілі, Орта Азия түркі әдеби тілі (классикалық «шағатай» әдеби тілі) бір-біріне ұласып тұрған. Орта Азиядағы түркі әдеби ескерткіштерінің тілінде профессор С. Е. Мапов бұл кітаби тілдің «біртіндеп ұйғыр дәуірінен шағатай дәуіріне» өту кезін (шамамен ХІ-ХІҮ ғ.) байқап шықты. Осы кезеңнің көптеген шығармалары («Миражнама», «Тезкерей әулия», «Бақтиярнама» т. б.) және Әлішер Науаидіңалдында болып еткен Лутфи, Атаи т. б. ақындардың өлеңдері ұйғыр және араб әліпбидегі қолжазбалар түрінде таралып, осы күнге шейін сақталған.

 

Шағатай тілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *