АМЕРИКА- ПАНАМА ШАРТТАРЫ

   АМЕРИКА- ПАНАМА ШАРТТАРЫ — екі ел арасында Панама каналы аймағын пайдалану мәселесі бойынша жасалған келісімдер. 1903 ж. 18 қарашада алғашқы А.-П. ш-на қол қойылды. Келісім бойынша АҚШ-қа Панама мойнағындағы каналдың ортасынан екі шетіне қарай 5 миль мөлшеріндегі құрғақ жер мен суды қамтитын белдеуді мәңгі пайдалану құқы берілді. АҚШ канал белдеуінде толық билік жүргізуге ерік алғаны үшін Панамаға жыл сайын 10 млн. доллар, ал 1913 жылдан бастап 250 мың доллар төлеуге тиіс болды. Осы келісімнен кейін америкалықтар канал құрылысына кірісіп, оны 1914 ж. аяқтады. 1920 ж. канал салтанатты түрде ашылды.

1936 ж. 2 наурызда АҚШ пен Панама арасында достық пен ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісім бойынша Панамаға канал белдеуінде баж салығын жинау құқы берілді және жыл сайынғы төлемақы көбейтілді (430 мың доллар). 1955 ж. жылдық төлемақы 1 млн 930 мың долларға жеткізілді. Панамада үкімет басына солшыл радикал О. Торрихос келген соң, А.-П. ш-н қайта қарау туралы мәселе көтерілді. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде 1977 ж.7 кыркүйекте АҚШ пен Панама арасында тағы екі келісімге қол қойылды. Келісімдер бойынша: канал белдеуінің билігі Панаманың қолына 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейін толық көшеді. 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап каналдың бірден-бір иесі Панама болуға тиісті; сол күнге дейін канал белдеуінде АҚШ-тың әскери базалары сақталады; 2000 жылдан бастап Панама мен АҚШ аталған каналдың бейтараптылығына кепілдік береді. 1990 ж. ақпанда АҚШ өз әскерлерін Панамадан алып кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *