Дүние жүзі тілдері

Дүние жүзі тілдері — Жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” (“The Іnternatіonal Encіclopedіa of Lіnguіstіcs”, 1992) дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 — 80 жылы 6604 тіл (оның ішінде 300 өлі тіл) болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” (“Atlas of the World’s Languages”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 10000-ға дейінгі аралықта деген тұжырым да жоқ емес. Дүние жүзі тілдерінің санын анықтауда алшақтық болуының себептері мыналар:

  • бүгінгі таңға дейін әлемнің лингвистикалық картасында жете зерттелмеген “ақтаңдақ” аймақтардың болуы. Мысалы; Трансамазонка жол жүйесі іске қосылғалы Амазонка өзенінің аңғарында өмір сүріп жатқан бұрын белгісіз халықтар және тілдер ашылуда, сондай-ақ, Орталық Африка, Жаңа Гвинея, т.б. жерлердегі тілдерді қайта тіркеу барысында да жаңа тілдер табылуда. Бұдан басқа, тіпті лингвистикалық зерттеулер жүргізілмеген де елдер бар;
  • әлемде ортақ тілдердің қалыптасу процесі әлі жүріп жатыр (этникааралық тілдер, сол тілдердің лексикасы мен құрылымынжеңілдетіп, ортақ жақындығы арқылы бірегейлендіру, оның өзі халықтардың тарихи байланыста болуына да негізделеді);
  • айқын өлшем болмағандықтан, тірі тіл мен өлі тілдің ара жігін ажырату қиын. Жалпы бір адам болса да, ана тілім деп тұрақты сөйлеген тіл ғана тірі тіл деп қабылданады. Тілдердің жер бетінен жылдам жоғалып кетуіне экон. және саяси шешімдер қатты ықпал етуде. Соның салдарынан шағын қауымдастық тілдері зардап шегеді. Мысалы, 19 ғасырда Бразилияда 1000-нан астам үндіс тілдері болса, бүгінде олардан тек 200 тіл қалды. Тілдің өлу процесін тежеп, көпке дейін сақтайтын — аға ұрпақ өкілдері. Тілдердің өлу процесінің бірінші көрсеткіші — монолингвистердің (тек қана ана тілінде сөйлейтіндер) азаюы. Соңғы жылдары Дүние жүзі тілдерінің төрттен бірі 1000 сөйлеушіге, тең жартысы 10 000 сөйлеушіге азайған (лингвистердің болжамы бойынша, бұл тілдер жақын арадағы 50 жылда жойылады), сонымен қатар 455 тілді ана тілім деп есептейтіндер саны 100 адамнан аспаса, 310 тіл өлі тіл ретінде танылып отыр;
  • тіл мен диалектіге шекара қою қиын. Мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зелландия, т.б. жерлердегі ағылшын тілінің түрліше сөздік құрамы, сөйлеу, жазылу, айтылуы жөніндегі мәселелер әлі ортақ шешімін таппаған. Сондай-ақ, саяси, діни, әдеби алшақтықтар салдарынан хинди мен урду, бенгал мен ассам, серб пен хорват тілдері жеке-жеке дара тіл деп танылды. Ал қытай тіліндегі диалектілердің бір-бірінен алшақтығы соншалық, сол диалектіні ана тілім деп қабылдап, иероглифті танитындар ғана бірін-бірі ұғады;
  • Дүние жүзі тілдерінің қайсыбірінің арнайы атауы жоқ және кейбірінің атауы өзіне сай келмейді. Тілдер санын есептеу олардың атауларын есептеу арқылы жүрмейді. Мысалы, көптеген қауымдастық тілдерінің арнайы атаулары жоқ, атау ретінде сол тайпа өмір сүрген жердің, не өзеннің атауы, т.б. қолданылады. Дүние жүзі тілдерінде сөйлейтіндердің саны жайындағы мәлімет “Халықаралық лингивистикалық энциклопедияда” жинақталып берілген. Энциклопедияда көрсетілген 6604 тілдің ең үлкен тобын сол тілде сөйлейтін адам саны 1000-нан асатын 1631 тіл (25%) құрайды, ал ең аз тобын сол тілде сөйлейтін адам саны бір миллионнан асатын 283 тіл (4%) құрайды. Қазақ тілі миллиондық тіл тобына кіреді. 20 ғ-дың 80 — 90-жылдарындағы мәлімет бойынша, сөйлеушілерінің саны 15 млн-нан асатын тілдер саны 40-қа жетті. Дүние жүзі тілдерін жүйелеу мен сипаттау тілдердің жіктелімі түрінде жүргізіледі. Тілдердің жіктелімі генеалогиялық жіктелім және типологиялық жіктелім болып бөлінеді. Генеалогиялықжіктелім бойынша, Дүние жүзі тілдері өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай тілдер шоғыры мен макрошоғырларға бөлінеді. Оған тірі тілдермен қатар өлі тілдер де енеді.
 

Үндіеуропа тілдері шоғырыӨңдеу

Еуразиядағы ең ірі, жан-жақты зерттелген тілдер шоғыры — Үндіеуропа тілдері шоғыры. Оның құрамына енетіндердің өзі бірнеше топқа, топтар тармаққа бөлінеді. Атап айтқанда:

  • тек қана өлі тілдерден тұратын хетто-лувий (анатолы) тілдері тобы. Бұл топқа сына жазулы және иероглифті ескерткіштері сақталған хетто тілі, сына жазулы ескерткіштері сақталған лувий, лидий, ликий, сидет, писидий, т.б. өлі тілдер жатқызылады;
  • үнді тілдері. Оған веда, санскрит, месопотамдық, көнеүнді, пракрит, оның ішінде пали, т.б. (өлі тілдер) және хинд, бихар, маратх, ория, бенгал, ассам, сингал, синдх, раджастхан, гуджарат, бхил, кхандеш, непал, гархвал, парья, сыған (тірі тілдер) тілдері жатады;
  • иран тілдері. Оған авеста (зенд), көне парсы, мидия, пехлеви, парфян, соғды, хорезм, бактрия, т.б. (өлі тілдер), парсы, тәжік, пушту, курд тілдері, лур және бақтияр диалектілері, белуж, тат, талыш, гилян, мазандеран, парач, ормур, кумзар, осетин, памир (оның ішінде, шуғнан, рушан, бартан, орошор, сарыкөл, жазғұлам, ішқашым, мұнжан, вахан, идг), т.б. тілдер жатады. Кейбір Еуропа ғалымдары ежелгі сақ тілін де осы топта болған өлі тілдер қатарына жатқызып жүр. Бірақ мұндай көзқарастың негізсіздігін соңғы жылдардағы зерттеулер көрсетіп отыр;
  • тохар тілдері тобы. Бұл топқа тохар А және тохар Б өлі тілдері жатады;
  • армян тілі тобы. Оған армян тілі (грабар) жатады;
  • фриг тілі тобы: фриг тілі(өлі тіл);
  • фрак тілі тобы: фрак тілі (өлі тіл);
  • иллир тілдер тобы: иллир және мессапс тілдері (өлі тілдер);
  • албан тілі тобы: албан тілі;
  • венет тілі тобы: венет тілі (өлі тіл);
  • грек тілдері тобы: көне грек және орта грек тілдері (өлі тілдер), жаңа грек тілі;
  • итали тілдері тобы: латын және умбр тілдері (өлі тілдер);
  • роман тілдері. Оған француз, окситан (провансал), испан, каталан, галлисий, португал, итальян, сард (сардин), ретороман, румын, молдаван, арумын (аромун, македон-румын), исторумын, мегленит (19 ғасырдың аяғынан өлі тіл қатарында), далматын тілдері жатқызылады;
  • кельт тілдері тобы: галль және мэн (өлі тілдер), вали (уэль), бретон, ирлан, гэль (шотлан) тілдері;
  • герман тілдері. Оған гот, жоғарғы неміс тілі, оның ішінде көне жоғарғы неміс және орта жоғарғы неміс (өлі тілдер) тілдері, неміс, идиш (жаңа еуропа), голланд (нидерлан), африкаанс (бур), исланд, дат, швед, норвег (риксмол және лансмол — екі әдеби тіл түрінде) тілдері жатқызылады;
  • балтық тілдері тобы. Оған парус, ятваж, голяд, шалау, курш, селон өлі тілдері және литва, латыш тілдері жатады;
  • славян тілдері тобы. Оған ескі славян, полаб, жоғарғы лужа, төменгі лужа (өлі тілдер), болгар, македон, серб, хорват, словен (словин), чех, словак, поляк, кашуб, орыс, украин, беларусь тілдері жатады.
 

Алтай тілдері макрошоғырыӨңдеу

Дүние жүзі тілдерінің ішіндегі ірі тілдер шоғырының бірі — Алтай тілдері макрошоғыры. Бұл шоғыр шығу тегінің бірлігіне, туыстығына қарай түркі тілдерін, моңғол, тұнғыс-маньчжур тілдерін, сондай-ақ, аталған тілдерден алшақтап, тұйықталған корей және жапон тілдерін қамтиды: түркі тілдері — Қиыр Шығыстан Жер Орта тілі мен Үнді мұхитына дейінгі кең-байтақ өлкеде тұрып жатқан 40-тан астам туыс халықтардың тілі. Бұл тілдерде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992). Олар лексика, грамматика, фонетика құрылымы жағынан бір-біріне өте жақын. Тек чуваш, саха (якут) тілдері ғана басқа туыс тілдерден оқшаулау тұр. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:

  • алтай дәуірі;
  • ғұн дәуірі;
  • көне түркі дәуірі (5 — 6 ғасырлар);
  • орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі;
  • жаңа түркі дәуірі немсе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 — 19 ғасырлар);
  • ең жаңа дәуір (20 ғасыр) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі. Түркітану ғылымында Баскаков жасаған түркі тілдерінің төмендегідей жіктелім үлгісі орныққан.

Батыс ғұн тілдері:

І. бұлғар тобы (солтүстік-батыс тобы). Оған қазіргі чуваш тілі жатады;

ІІ. оғыз тобы (оңтүстік-батыс тобы). Осы екі топтың араласуынан үш тармаққа бөлінген түркі тілдері таратылады:

1) оғыз-бұлғар тармағы:

  • а) гагауз тілі,
  • ә) балқан түркілерінің диалектілері;

2) оғыз-салжұқ тармағы:

3) оғыз-түрікмен тармағы:

ІІІ. қыпшақ тобы (солтүстік-шығыс тобы).

1) Қыпшақ-бұлғар тармағы:

2) Қыпшақ-половец тармағы:

  • а) қарашай-балқар тілі,
  • ә) құмық тілі,
  • б) қырым татары тілі,
  • в) урум тілі.

3) Қыпшақ-ноғай тармағы:

  • а) қарайым тілі,
  • ә) ноғай тілі,
  • б) қарақалпақ тілі,
  • в) қазақ тілі;

ІV. қарлұқ тобы (оңтүстік-шығыс тобы):

Шығыс ғұн тілдері:

І. ұйғыр-оғыз тобы (солт. тобы).

1) Ұйғыр-тукюй тармағы:

  • а) тыва тілі,
  • ә) тофа (қарағас) тілі;

2) якут тармағы:

  • а) хакас тілі,
  • ә) қамасин тілі,
  • б) шор тілі,
  • в) чулым тілі,
  • г) сары ұйғыр тілі;

ІІ. қырғыз-қыпшақ тобы (оңтүстік тобы):

Моңғол тілдеріне: моңғол, бурят, қалмақ, моғол (Ауғанстан), дағұр (Солтүстік-Шығыс Қытай), монғор, дуньсян, баоан және шираюгур (Қытайдың Ганьсу және Цинхау аймақтары) тілдері кіреді. Тұңғыс-маньчжур тілдеріне: эвенко (солон, негидаоль), эвенск, удэгей (ороч), нанай (ульс, орок), маньчжур (чжуржэн) тілдері енеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *