Дыбыстық жазу

Дыбыстық жазу

 
 

Анықтама

Дыбыстық жазу (әріп жазуы) орыс.звуковое(фонетическое) письмо — тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны “әріп жазуы” деп те атайды. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.[1]

 

Ертедегі әріп жазуы

Ертедегі әріп жазуы (финикий жазуы, еврей жазуы, арамей жазуы және т.б.) консонантты дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып, туынды сөздің әр түлі грамматика формаларын білдіреді. Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет Мысыр жазуында пайда болды. Ежелгі мысыр тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, еврей тілдері және т.б.) біраз ортақ жақтары болған. Мысалы, мысыр тілінде дауыстылардан дауыссыздардың мәні басым. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздардан құралады.

 

Финикий жазуы

Финикий әліпбиінің басқа әліпбилермен салыстырмасы

Зерттеушілер ең алғашқы таза дыбыстық жазу деп финикий жазуын атайды. Жазу тарихының мамандарының пікірінше, финикий жазуының ескерткіштері (Ахирам, Асдрубаал, Элибаал жазба ескерткіштері және т.б.) біздің заманымызға дейінгі Х —ХІ ғасырларда пайда болған. Финикий жазуында 22 таңба бар. Олардың әрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *