Финикия жазуы — финикиялықтардың б. з. д. 2-мыңжылдығының орта шенінде пайда болған консонанттық жазуы. Оның тегі иероглиф пішіндес Синай буын жазуы болуы мүмкін. Алғашында Финикия жазуының 22 таңбасының әрқайсысы дауыссыз бен дауысты дыбыс тіркесінің сәйкестігі ретінде танылса, ал кейін оның тек дауыссыздар сәйкестігі екені анықталды. Финикия жазуы — арамей жазуы арқылы еврейдің текше (квадрат) жазуы мен араб жазуының, сонымен бірге Орталық Азиямен Үнді жазуларының негізінде жатыр. Финикия жазуын гректер қабылдап алып, оған дауыстылар таңбасын енгізіп жетілдірген, осы нұсқаны римдіктер қабылдап алған. Латынға негізделген бүкілеуропалык жазу жүйесінің тегі де Финикия жазуына барып тіреледі