Мысыр жазуы[1] Египет жазуы, б.з.б. 4-мыңжылдықтың орта тұсында пайда болған. Алғаш сурет-кескіндермен, иероглифтік (идеограф.) таңбалармен бейнеленді. Жазудың шапшаң жазылатын иератика (б.з.б. 3-мыңжылдық), демотика (б.з.б. 8 ғ.) түрлері пайда болды. Мысыр жазуында әрбір суреттің, таңбаның өзіндік мағыналары болды. Таңбалар саны 5 мыңға жуықтағанмен, қолданыстағысы 700 – 800-ден аспады. А.Македонскийдің Мысыр жеріне жасаған жорығынан соң (б.з.б. 332 ж.) мысыр жазуы мен грек жазуы қатар қолданылып, екі жазу аралығындағы жаңа копт жазуы дүниеге келді. Египетте 640 жылдан (ислам дінінің таралуынан бастап) қазіргі уақытқа дейін араб әліпбиі қолданылады. Мысыр жазуының құпиясын алғаш француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол Розетта тасын зерттеу кезінде “Птолемей” және “Клеопатра” сөздерін оқыды. Шампольон иероглифтерді жеке сөздерді білдіреді дегенге қарсы болып, тек буынды, дыбысты таңбалауы мүмкін деген жорамал жасады. Осылайша ғалым құпиясы мен жұмбағы мол, мыңдаған жылдар бойы ұмыт қалған мысыр жазуы арқылы ежелгі Мысыр мәдениетін әлемге әйгіледі.
Таңба-суреттерде олардың ездеріне семантикалық не дыбыстық жағынан қатысты сөз, сөздер тобы таңбаланған. Дауыссыз дыбыстарға негізделген танба бір, кейде екі-үш дауыссызды білдірген. Сөйтіп, эр танба тек сөздің емес, әрі дыбыстың (дауыссыз) мағынасына ие болған. Б. з. д. 4000 жылдар сонында бір мағынаны білдіруге арналған орфографикалық жүйе қалыптаскан. Ол бойынша кейбір таңбалар белгілі бір сөзді, бірқатары идеограмма тәрізді не бір сөзді, не өзара байланысты бірнеше сөзді білдірген. Египет жазуының қатар жұмсалған екі түрі болған:
- Бейнелейтін затына өте ұқсас сурет жазуы (иерогяифика идеографикалық жазу);
- Шапшаң жазу (к. иератикалық жазу). Б. з. д. 7 ғасырдан бастап иератика негізінде танбалануы женілдетілген жаңа шапшаң жазу (к. демотикалық жазу) қалыптастырылған.