Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері

Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Сүт тағамдары.
  2. Ет тағамдары.
  3. Сорпа тағамдары.
  4. Ұн тағамдары.
  5. Дән тағамдары.
  6. Балық тағамдары.
  7. Жеміс тағамдары.

Сүт тағамдарыӨңдеу

Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған.

Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:
  1. Сүт.
  2. Қаймақ.
  3. Айран, қатық.
  4. Сары май.
  5. Сүзбе.
  6. Құрт.
  7. Ірімшік.
  8. Қымыз.
  9. Шұбат, қымыран.
Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.

Ет тағамдарыӨңдеу

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:

  1. Ет (жас ет, сүр ет).
  2. Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
  3. Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
  4. Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
  5. Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
  6. Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
  7. Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
  8. Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
  9. Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
  10. Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
  11. Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам

Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

  1. Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
  2. Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
  3. Орта табақ – асықты жілік салынады.
  4. Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
  5. Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.
  6. Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.

Сорпа тағамдарыӨңдеу

  1. Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
  2. Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ.
  3. Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа.

Ұн тағамдарыӨңдеу

  1. Нан.
  2. Бауырсақ (тоқаш).
  3. Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.
  4. Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.
  5. Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.
  6. Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.
  7. Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).

Нанның түрлері

  1. Бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
  2. Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
  3. Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.
  4. Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
  5. Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
  6. Қазанжаппа– қазанға қақтап пісірілген нан.
  7. Таба нан – табаға пісірілген нан.
  8. Тандыр нан – тандырға пісірген нан.

Дән тағамдарыӨңдеу

Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент ; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.

Балық тағамдарыӨңдеу

Балық тағамдарына қарыма, қуырылған балық, балық сорпа және т.б. жатады.

Жеміс тағамдарыӨңдеу

Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек , т.б. жатады.[1]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *