Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы міндеті

  • Қазақстан Республикасында барлық мерзімді басылымдардың шығатын басылымдардың даналарын Мұрағатқа жинау, тіркеуге алу;
  • Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатындағы міндетті даналардың сақталуын қамтамасыз ету, мерзімді басылымдардың туындыларын сақталуын бақылауға алу;
  • Еліміздегі ғылыми мекемелерді, кітапханаларды, ғылыммен айналасатын орталықтарды библиографиялық ақпаратпен: жылнамалар және анықтамалармен қамтамасыз ету;
  • ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында мерзімді басылымдарды толықтыру және сақтау;
  • Қазақстан Республикасында шығатын баспа өнімдеріне халықаралық ISBN, ISSN, ISMN штрих-кодын беруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасында басылып шыққан жариялымдардың, материалдандың негізгі түрлерінің библиографиялық өңделуін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасында шығатын мерзімді басылымдардың (газет, журнал, жалғаспалы басылым, т.б.) статистикалық есебін жүргізу;
  • Қазақстанда шығатын кітап пен журналдарға ӘОЖ (әмбебеп ондық жіктеу) индексін беру;
  • Қазақстан Республикасында 1917 жылдан бері басылып шыққан жарияланымдардың, материалдардың барлық түрлеріне, Кітап палатасының қорында 1917 жылға дейін басылып шыққан әдебиетті қамтитын каталогтар мен картотека жүйесін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы туралы шетел елдерде шыққан материалдарды жинау;
  • Қазақстанда алыс және жақын шет елдері туралы жарияланған туындыларды, материалдарды анықтау, есепке алу, библиографиялық сипаттама жасалған карточкаларды басқа кітапханаларға, ғылыми мекемелерге жіберу;
  • Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық орындардан, жеке тұлғалардан түскен сұраныс бойынша баспа өнімдерін алып беру;
  • Баспасөз Мұрағатында сақтаулы басылымдардың электрондық көшірмесін жасау;
  • Республиканың мерзімді басылымдар туралы ғылыми-зерттеу, білім беру ісі туралы социологиялық зерттеулер жүргізу және ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру;
  • Кітаптарға көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру.
 

ҚұрылымыӨңдеу

Бүгінде Кітап палатасының атқаратын негізі міндеттеріне сәйкес мынадай бөлімдер жұмыс істейді:

  • «Қабылдау және бақылау» бөлімі
  • «Баспасөз статистикасы, кітап және оқу социология» бөлімі
  • «Мемлекеттік библиография» бөлімі (қазақ және орыс топтары)
  • «Анықтама-барлау» бөлімі
  • «Ретроспективтік библиография және Қазақстантану» бөлімі
  • «Ақпараттық технология» бөлімі
  • «Әдістемелі-редакциялық баспа» бөлімі
  • «Баспасөз мұрағаты» бөлімі
  • «Ғылым және кітап нарығы мен баспасөз өнімдерінің мониторингі» бөлімі
  • «Қаржы экономикалық» бөлімі
  • «Жалпы» бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *