Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасыҚазақстандашығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статитикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық болып саналады.

Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статистикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру – Кітап палатасының негізгі қызметінің бірі. Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN, ISSN, ISМN) беруді жүзеге асырады.

 

Тарихы

Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі «Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасын құру туралы» бірлескен Қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Кітап Палатасы 1937-1945 жылдары Қазақстаның Оқу Халық Комиссаритына, 1945-1953 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелері басқармасына, 1953-1963 жылдары Қазақстаның Мәдениет министрлігіне, ал 1963 жылдан бастап, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі Мемлекеттік кабинетіне бағынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 6 сәуір 1993 жылғы №270 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік Кітап Палатасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында.

Кітап палатасының қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатын, мемлекеттік библиографияның, баспасөз статистикасының республикалық ғылыми орталығын құру, орталықтандырылған каталогтендіру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз туындыларын есепке алу және ғылыми тұрғыдан өңдеу, жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу (International Standard Book Numbering) және сериялық басылымдар (International Standard Serial Numbering), ноталық басылымдар(International Standard Music Numbering) штрих-кодтар беру, КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) жөніндегі функцияны орындау болып табылады.

Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында 5 миллионнан астам баспа өнімдерінің міндетті даналары сақталуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасында ISBN және ISSN Агентство бар. Кітап палатасының ISBN Агентствосы, Лондонда орналасқан ISBN Халықаралық Агентствасына мүше болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мерзімді басылымдарға халықаралық ISBN, ISSN, ISMN белгілерімен қатар штрих-коды беріле бастады. Сондай-ақ, кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу ISBN(International Standard Book Numbering) және сериялық басылымдар ISSN(International Standard Serial Numbering), ноталық басылымдар ISMN (International Standard Music Numbering) штрих-кодтар беру қызметін орындайды.

 

Міндеттері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *