АМЕРИКА-ЖАПОН ШАРТТАРЫ

АМЕРИКА-ЖАПОН ШАРТТАРЫ (19 ғ-дың 2-жартысы — 1941) — АҚШ пен Жапония мемлекеттері арасындағы 2-дүн. жүз. соғысқа дейінгі саяси-экономикалық қарым-қатынастарды реттеген келісім шарттар. 1) Жапон-Америка “бейбітшілік пен достық туралы” келісімшарты (31.03.1854, Канагава қ.) бойынша Америка кемелеріне Симода мен Хакодатэ порттары ашылды, 215 жылға созылған Жапонияның “жабық есік” саясаты аяқталды; 2)“Жапон-Америка сауда келісімі” (29.07.1858) АҚШ-тың Жапониядағы ықпалын күшейте түсті. Бұл келісімдер “Ансэй шарттары” деген атпен белгілі; 3)“Жаңа Жапон-Америка келісімі” (22.11.1894); 4) “Тафт-Кацура Жапон-Америка келісімі” (07.1905) бойынша АҚШ Кореяны Жапонияның отары ретінде мойындады. Бұл орыс-жапон соғысын қорытындылаған Портсмуг конференциясы қарсаңында Ресейге қарсы Жапон-Америка одағын дүниеге әкелді; 5) “Рут-Такахира Жапон-Америка келісімі” (20.11.1908) бойынша Тынық мұхит аймағында статус-кво сақтау және Қытайда сауда жасауға, өнеркәсіп өнімдерін шьнаруға тең мүмкіндіктер принципін сақтау, келісуші жақтардың терр. тұтастығына қол сұқпау, оны құрметтеу міндеттелді; 6) “Лансинг- Исин келісімі”, (2.11.1917) екі мемлекеттің Қытайға қарсы әрекеттерін нығайта түсті; 7)“Жапон-Америка сауда келісімі” (06.1939); 8) 1940 ж. аяғында Жапонияда Коноэ кабинеті АҚШ-пен қарым-қатынасты реттеу үшін келіссөз бастауға көшті. Бұл келіссөз нәтижесіз аяқталып, 1941 ж. Жапонияның Пирл-Харборға шабуыл жасауы Жапон-Америка соғысына әкеліп соқтырды.        

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *