Дауыс қою пәнінде вокалдык жаттығуларды қолдану

 

 Жоспары:

1.Вокализ туралы түсініктеме

  1. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы.
  2. Вокалдық жаттығулар жасау.

         Вокалдық жаттығулардың түрлері.

         Жоспары:

         1.Леггато жаттығулары

         2.Стокато жаттығулары    

         3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс.

 

       Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар.

       Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері — әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы.

    Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық әншілік өнерде бірте-бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер!

     Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ.  Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы.

      Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім.

     Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты — әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау,  дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру.

   Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады.

                          Хроматикалық гамма жаттығулары

 

«Хроматизм» атауы гректің – chroma – бояу деген сөзінен алынған. Гректер диотоникалық гаммадағы жеті дыбысты жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтың жеті түрлі бояуымен теңестірген. Ал, гаммадағы хроматикалық дыбысты сол жеті бояудың түс реңіне теңеген.

   Хроматикалық гамма – мажорлық немесе минорлық латтарда дыбыстардың рет-ретімен жоғары, төмен жарты тоннан қозғалуы. Хроматикалық гаммада дыбыстар жоғары диез белгісімен, төмен тек бемоль белгісімен қозғалады. Хроматикалық гаммаларды дауыс қоюдың алғашқы кезеңінен қолданысқа кіргізеді. Хроматикалық гамманың міндеті- бірінші кезекте әншіге интонация тазалығын меңгеру. Хроматикалық гаммалар мен жаттығу бастағанда алдымен ара-қашықтығы (интервал) тар үлкен секундадан бастаған жөн. Сол секундадаға кіретін үш дыбысты меңгерген соң, кіші терцияға, үлкен терцияға ауысу керек. Осы жаттығуларды игергеннен кейін кварта, квинта интервалдарына жаттығуларды бастауға болады. Хроматикалық гаммалар жаттығулары – (57.58.59. 60. 61. 62 – жаттығулар). Бұл жаттығуларды алғашында өте жай (largo) темпінде орындап бірте-бірте тездетуге ауысу керек. Жоғарыдағы интервалдардағы хроматикалық гаммаларды ойдағыдай меңгерген соң октавалық немесе одан-да жоғары интервалдік  гаммаларға жаттығулар жасауға кірісуге болады. Ол жаттығулар (63. 64 – жаттығу).

                         

                           Филировка, Портаменто жаттығулары.

 

Филировка – атауы француз тілінен filer un son – дыбысты созу деген мағнаны беретін сөзінен алынған. Филировка әдісі дыбыстың созылмалы динамикасын қаттыдан (forte) , ақырынға (piano), ақырыннан қаттыға жайлап бірте-бірте ауысу. Филировканы жақсы меңгеру – дауыстың табиғилығын дұрыс қойылғанының көрсеткіші іспетті.

   «Кім филировканы жақсы меңгерсе – сол жақсы ән салады» — дейді орыстың атақты әнші педагогы И.П.Пряничников.

   Филировка жаттығуларын дауыстың күшін, қаттылығын, дауыстың созылмалалағын біршама меңгерген соң бастаған жөн. Себебі, күші жоқ ,әншілік тынысты меңгермеген, дауысының созылмалылығы жоқ әнші филировка әдісін ешқашан да жасай алмайды.

   Дыбысқа филировка жасау әдісі әншілік өнерде шығарманы орындауда нюанстар жасаудың басты құралы болады. Ән салғанда филировканы жоғары деңгейде еркін жасау, дыбысты ұзақ созылмалы филировка жасау әншілік өнердің ең ұзақ уақыт жаттығу арқылы үлкен қиыншылықтармен меңгерілетін әдісі. Филировка әдісі әншінің өмір бойы қолданатын өмір бойы сол әдісті жетілдіруге еңбектенетін жаттығуының ең бастысы. Бұл жаттығу кез келген шығарманы көркемдеп орындаудың негізгі әдістемесі.

    Филировканы меңгеру үшін алдымен бір дыбысты ұзақ уақыт терң тыныста жоғары резонаторда форте әдісімен жеке айтып жақсы меңгеріп, сол дыбысты енді пиано әдісімен жеке орындап дағдылану керек. Екі әдісті жеке-жеке әбден меңгергеннен кейін, бір дыбыста филировка жасау жеңілге түседі. Ол туралы ұлы педагогтардың пікірлері ортақ.

   Филировканы меңгеруге арналған — № 65.66.68.69.70.72 – жаттығуларды күрделігіне қарай педагогтың таңдауымен қолданған жөн.

                                                     *     *     *

 Портаменто атауы – италиян тілінен — portare la voce (портарэ ля воче) дауысты (басқа нотаға) апару немесе тасымалдау деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Портаменто жеке ән салуда және ысқылы (смешковый) музыкалық аспаптарда бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғанап ауысатын әдіс. Нота текстінде композитордың міндеттеуімен орындалатын глиссандодан, Портаментоның айырмашылығы оны орындаушы өз қалауынша орындайды. Портаментоны шамадан тыс қолдану манерлік орындаушылыққа ұрындырады. Одан құтылу әншіге қиынға соғады. Портаменто әншілік өнердегі өте күрделі әдістердің бірі.

   Ноталық текстте портаменто белгісі доға екі нотаны қосып тұрады. Портаменто әдісі терция интервалынан бастап жоғары қарай қолданылады. Портаменто әдісінде доғамен жалғасқан екі нотаның арасындағы барлық ноталарды жоғары, төмен сырғанатып біргелкі орындау керек. Егер екі дыбыстың арасындағы дыбыстардың бір-екеуі таза болмаса портаментоның дұрыс орындалмағаны. Онда ол тыңдаушыға жағымсыз әсер етеді. Портаменто мелодияға, мазмұнға бір қосымша мағна беру үшін қолданады. Шығармада портаментоны көбінесе нәзік сезімді, мұңлы сезімді суреттеу кезінде немесе күлкілі әзіл-қалжыңды, қайғыны ерекшет көрсету үшін қолданады. Портаменто әдісін меңгеруге – 67.71-жаттығулар берілген.

                          Мелизмдер жаттығулары

                        (Трель, форшлаг, группетто)

 

Мелизм – атауы гректің —  melismos (мелисмос) — әншіліктің ерекше әдісі деген мағынаны беретін сөзінен алынған.

   Мелизм – мелодиялық айналымның жеке бір дыбысына әсемдік әуен беруге арналған арнаулы белгілеулер. Мелизмдер 17 ғасырдан бері қолданып келе жатқан — форшлаг, группетто, мордэнт, трель белгілері.

   Трель – аутауы италияның — trillo (трилло) немесе trillare (трилларе) – дірілдеу ,тербелу деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Трель вокалдік музыкада әуенді әсемдеу, сәндеу үшін қолданатын екі қатар тұрған тез орындалатын дыбыстардан құралған. Оның интервалы жарты тон немесе бір тон болады. Трель астынғы дыбыстан басталса , негізгі дыбыс астынғы болады, үстіңгі дыбысы қосалқы дыбыс болады. Егер трель үстінгі дыбыстан басталса, үстінгі дыбыс негізгі, астынғы дыбыс қосалқы дыбыс болады.

   Трель италияда Белканто заманында колоратуралық әншілік орындаудың бір түрі болды. Ол кезде трельді барлық дауыстар қолданды. Осы заманда трельді көбінесе жоғарғы дауыстар лирико-колоратуралық және колоратуралық сопранолар репертуарларына байланысты жиі қолданады. Трельдің нағыз вертуоз шеберлері- италияның кастрат- әншілері болған. Трельді орындау үшін көмейдің тербелісімен еркіндігі өте қажетті әдіс. Трельді меңгері үшін алдымен секунданың жарты және бір тондық дыбыстарын  жай орындап, бірте-бірте тездету қажет. Трельді меңгеуге —

73.74.75.76.78.82.83.84.86.89-жаттығулары берілген.

                                          *     *     *

Форшлаг – атауы немістің vorschlag (воршлаг) – алдыңғы соққы деген мағынаны беретін сөзінен алынған. Форшлаг вокалді музыкада, аспаптық музыкада негізгі әуенді (мелодияны) әсемдеумен сәндеудің бір түрі. Форшлаг ұсақ нотамен негізгі нотаның алдына жазылады. Оның размері тактыға кірмейді. Егер форшлаг қысқа әрі сызылған нота болса, онда ол алдыңғы нотаның ұзықтығына кіреді. Егер форшлаг ұзақ нота болса, ол өзінен кейінгі нотаның ұзақтығына қосылады. Форшлаг бір, екі ,үш дыбыстардан тұрады. Форшлагта трель тәрізді көбінесе жоғары дауыстардың репертуарларындағы шығармаларда қолданылады. Форшлагты меңгеруге – 77.79.81.85.87.88.- жаттығулары арналған.

                                         *    *    *

Группетто – атауы италияның – gruppetto (группетто) – кішкене топ деген мағна беретін сөзінен алынған.

  Группетто мелодиядағы бір дыбысқа әсемдік беру үшін төрт дыбыстан тұратын тез орындалатын қосымша әуен. Егер группетто белгісі нотаның тура үстінде тұрса, онда группетто сол нотадан секунда жоғары басталады. Ал, егер группетто белгісі нотаның оң жағында тұрса, онда группетто сол нотадан кейін орындалады. Группеттоның ұзақтығы (размері) негізгі нотаның ұзақтығының ішіне кіреді. Группеттоны таза орындау үшін әншіге ұзақ дайындық қажет. Группеттоға арналған жаттығулар – 79.80.

                                      

                                       Аралас жаттығулар

 

Вокалдік аралас жаттығулар жас әншінің алдыңғы – гамма,арфеджио, хроматикалық гамма, лигато, стокатто, филировка, портаменто, мелизмдері бар жаттығуларды жеке-жеке меңгергеннен кейін, дауысын біршама қалыпқа келтірген соң орындайтын жаттығулары. Себебі, бұл жаттығулар мелодия, ритм, диапазон ,орындау әдістері жағынан күрделі жаттығулар. Бір жаттығуда бірнеше вокалдік әдістемелер қолданылады. Жаттығуларда орындау екпіні (темп) қойлмаған. Екпін жылдамдығын оқушының мүмкіндігін ескере отырып педагог өзі белгілейді. 90- номерден 101- номер жаттығулары аралас жаттығулар.

 

  Cұрақтар:

1.Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз?

2.Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер?

3.Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер?

Қолданған әдебиеттер:

1.Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей

2.Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз»

3.Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *