Мектеп әндерін музыка пәнінде қолдану

 

Жоспары:

1.Мектеп әндеріне түсінік және олармен танысу.

2.Қазақстан композиторларының балалар әні.

3.Мектеп әнімен жұмыс.

      Музыка  сан  алуан  жанрларға  бөлінеді.  Әннің  алатын  орны  өте  зор. Ән адамның жан сезімін  оятып, жүректің  нәзік  қылын  қозғайды  «Ән  миллиондардың жүрегін  біріктіреді »  Л. Бетховен.Әннің  эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және  мазмұндылығымен  балалар  жанын  баурап, олардың  ақыл — ой, сана — сезімінің  кеңейіп  жақсы  мінез — қылықтарының  қалыптасуына  әсер  етеді.Әнді  орындау  барысында  қандай  мақсат  қойылады? Орындау  кезінде  оқушылардың  музыкаға  деген  іс әрекеті қалыптасады, оның  ішінде  хормен  орындағанда  оқушының  музыкалық  мәдениеті  тұрақтап, орындаушылық  шеберлігі  тұррақтап, өздерінің  музыкаға  деген  көзқарасын  нығайтып,  шығарманың бейнелеу образын  көрсетедi.Әндер  әртүрлі  болады: халықтық, композиторлық, балалар  әні,  бесік жыры, той — думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ  сазды т. с. т. б. Әндер  өмірмен  байланысты  болған  соң  көңілді — жадыраңқы, жабығыңқы — қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып  келеді. Әнді  орындағанда  орындау   ережелерімен  танысады.
 Мысалы:
—  Ән  айту  кезінде  тік  тұр  немесе  тік  отыр.
—  Иығыңды  көтерме  (демалғанда). Әнде  не  туралы  айтылатынын  ойла, мәнерлеп  айтуға  тырыс т.с.Сондықтан, әнді  орындау — халықтың  бүкіл  мәдениетінің  негізі, музыкалық  білім  мен  тәрбие  берудің  ең   ықпалды  құралы.
Ескере кететін  бір  жай: бастауыш  сынып  оқушылары  ән  айтудың  көркемдік  немесе  техникалық  жағынан  жеңіл, қысқа  әуеннен  емес, белгілі  бір  мазмұны  бар  әуендер  арқылы  тезірек  қабылдайды .

Мысалы: Түлкі. Сыңғыр  қоңырау. Бөдене. Қандай  жақсы  гүл. Апорт  деген  тәтті  алма .

1 сыныпта:  Күз  ырғағы.  Биші  болам  өскенде. Алтын  астық.
                      Бауырсақ.

2 сыныпта: 1) Өсіп  келе  жатырмын (К.Сатиев).
    «Кемесінде  арманның — екі  «н» — ің  біреуі  түсіп  қалмасын.  «Таласып  мен  күнмен  өсемін»  (9 буын),  ал  әнде (7 буын)  мынандай  ырғақты  қосу  керек.                               

           2) «Саяхатта» — әр  буынды  көрсете  отырып, ауыздың  қимылы, дауыс  аппаратың,  сөздерді   анық, тез  айтуына  үйретеміз.

3) «Елім — ай» —  кең  тынысты  баяу, жәй  екпінде  орындап, демді  алуын  үйретеміз (иықты  көтерме, шулап  дем  алма т. с)

4) Гәк-ку —   жаттығу  ретінде  қолдануға  болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында   «Г», «К»,  дыбыстары  таңдай   дыбыстарына  жатады.  Ол  дыбыстар  бірден  дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына  жағдай  жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы — дауыс   аппараттың  көмекейден  қысып  шығармай  босатады.

5) «Ана» — терция  интервалы  арқылы, лига сызығы арқылы  дыбыстар  бір — бірімен  жалғасады, таза әуенді интонациясын  қадағалаймыз, және  де  «жылы  сезіммен»  деген   мағынада.

6) «Уж, как  по  мосту,  мосточку» — екпініне  жету.

7) «Наурыз  келді» — қайырмасының  әуені  «ля »  буынымен  жеңіл, көтеріңкі, «ұшып»  отырсын  т.с.

3-сынып

  1. «Таң» у, о, а — біртіндеп, дыбыс  арқылы  — ауызды  ашып, таңдайды  көтеріп,  дауысты  “бүрмелеу”  керек   (округленно).   
  2. «Қара  торғай» —   үзінді, буындар  екі  дыбысқа  созылатынын  байқап  (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) — динамикасына  жеткіземіз,  тақтада  үлгі  ретінде   ырғақ  болу  керек .
  3. «Кімнің  құлағы  ұзын?» —  тәрбиелік  мәні  бар  шығарма.  «Өсекші» деген  кім? ең  бірінші  сұрақ  қою  керек – «Кімнің  құлағы   ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің  т. б.  Өсекшінің  деп  ешкім  айтпайды.  Неге?  мазмұнын  оқып  береміз.
  4. « 8 Наурыз  күні» – диалог  ретінде  балалар  әндетуді  үйренеді  және  де қалып  қоймай, сахнада  орындау  мәдениетін  тәрбиелейді  т.с.
  5. «Құстар  қайтып  келеді» – 2 дауысқа  үйренеді, өздері білмей  қалады, үйретіп  те керегі  жоқ. Осыған  ережелер  ретінде: сынып  бір  дауысты  (негізгі  әуенді) орындайды, ал  мұғалім  екінші  дауысты.  Осыны дұрыс айтса, оқушы  екінші  дауысты  тыңдауға  үйренеді. Сондықтан  екі  дауысты  әндерді  орындау  үшін  өз  тобының  ән — әуезін  жақсы  білуі  қажет  т.б.

4 сынып: Бұл  кезде  жоғарғы  немесе  төменгі  дауыс  нышандарын  байқауға  болады.  Дауыс  толыға, әрлене, қоюлана  түседі.

  1. «Алатау» – қазақ  жерінің  табиғаты, оның  ішінде  Алматы маңайы. Әні  өте  әуенді, қайырмасы  жеңіл, екпінді, қысқа.
  2. «Жомарт  елім» – балаларға таныс  2 дауыс, оның  ішінде  канон —  2 әдісі.
  3. «Елім — ай» – Н. Дүкенбай – негізгі  интонация  халық әні «Елім — ай» — дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп  жатқан  туыстарға  арналған.
  4. «Қозым»  — әнін өте  жеңіл  орындау  керек, дәл ме дәл дем  алу  және  дыбыстың  «ұшуына»  байланысты.
  5. «Бөбегім » – сөзін жазған  М. Мақатаев, әнін жазған  Қ. Сәтиев — жаңа бесік  жыры  деуге  болады, орындағанда  жылы, тербете  және  2 дауысты  қолданады (қайырмасы).
  6. «Бір  бала » – халық әні, үйренгенде байқау  керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал  келтірсек  Роза Рымбаеваға  балалар  еліктейді  (ол жаман  болмайды)
  7. «Ақ  сиса»  – ны  үйрену  кезінде, қайырмасы  “ ги-ги-гәй ”- дан  бастаған  жөн. Әуездің  сөз  буындары  тақтада  жазылып,  буындарды    ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп,  жоғарғы  тиссетура  болғасын, сәл  күш  салып,  f айтамыз. Ырғағын   анықтап  алғасын  негізін  үйренеміз.

8.«Заман — ай», «Желтоқсан  желі»  – тарихымызға  байланысты, әңгіме  арқылы, сипатын  ашамыз, орындауға  жеңіл  болады.

  1. «Сырғанақ »  әннің атын  айтып  отырып, сырғып, стаккатто  әдіспен  орындап  үйренген  жөн, жеңіл, жылдамдата  орындау  керек.
  2. «Полька »  чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді  сипаттау және  3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді  айтпай қолмен шапалақтап, еденді  ырғағына  келтіріп  соғу, сол  кезде  сүйемелдеудің   керегі жоқ. Бұл  балаларға  қызық, ұнайды.

11.«Майра» –  бұл  жеке  дауыс  пен  хорға  арнап, сахнаның  сиқырын, көркемін біліп, өз  өздерін  әртіс, әнші  ретінде  мақтанышы.

  1. «Сарбаздар маршы» — сазгер  Қ.Сәтиев,  сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі  мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза  ырғақты  байқау, көтеріңкі.
  2. «Айналайын елімнен» — Н. Дүкенбай — әні жеңіл, диапазоны  қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер  адамдарымен  таныстыру.   
  3. «Жар — жар »  (айтыс ретінде)  ұлдар — қыздар  айтыс деген не?, соған   қатысады т.с.
    Ән  айтқанда, музыка  тыңдағанда, ырғақтық  қимылдар  жасағанда  дауысы, дене  қимылы  сол  шығарманың  сипатын  дәл  жеткізуге  тырысады. Осы қасиет шығармашылық  қабілетті  дамытуға  ықпалын  тигізеді. Шығармашылық балалардың  ойын  ұштап (заострить) қиялын  қанаттандырады, сезімталдық  қабілетін, байқампаздығын  арттырады.Шығармашылық  әрине  негізгі  түрде  емес, ол  музыка саладағы  ізденіс, іздене  отырып  өздеріне  байқамаған  жаңалықтар   Шығармашылық  музыканың  орындалу  барысында  жүзеге  асады, мұғалім  оған  музыканы  түсіну, ойлау  мүмкіндігін  бақылап тұруға  мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың  музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық  қабілетінің  дамуына  жағдай  жасайды.Шығармашылық  қарапайым  ән  әуендерін  айтқанда  ұсынылған  сөз  тексіне  ән  шығарғанда, дауыспен  әр — түрлі  сипаттағы  музыканы  орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен  оның  сипатын  жеткізетін  мәнерлі  қимылдар  жасағанда, бір  ерекше  ырғақ  тапқанда,  музыка  туралы  пікір  алысқанда т. с. өзіндік  мәнер  қолданғанда  ғана  өмірге  келеді.

Сұрақтар:

1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер?

2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің?

3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса?

 

Қолданған әдебиеттер:

  1. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).
  2. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.
  3. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.
  4. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *