Дауыс қоюдағы вокалдык жаттығулардың маңызы

 Жоспары:

1.Вокализ туралы түсініктеме

2. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы.

3. Вокалдық жаттығулар жасау.

         Вокалдық жаттығулардың түрлері.

         Жоспары:

         1.Леггато жаттығулары

         2.Стокато жаттығулары    

         3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс.

       Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар.

       Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері — әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы.

    Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық әншілік өнерде бірте-бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер!

     Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ.  Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы.

      Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім.

     Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты — әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау,  дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру.

   Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады.

                                Диатоникалық гамма жаттығулары

Диатоника – гректің diatonikos – тоннан- тонға ауысу деген сөзінен алынған. Диатоникалық гамма – әуеннің (мелодияның) жоғары-төмен кез-келген бір диатоникалық ладтағы қозғалысы. Диатоникалық дыбыс қатары негізгі тондардан – до, ре, ми, фа, соль, ля, си тұратын, альтерация белгісі жоқ натуральдік гамма. Диатоникалық гаммалар дауыс қоюдың алғашқы жаттығулары болып табылады.

   Гамма жаттығулары дауыс екпінін, созылмалылығын игеруге, регисторларды біркелкілеуге, дауыс диапазонын кеңейтуге ,вокалдік тыныс алуды меңгеруге ,интонацияны тұрақтандыруға тәрбиелеуге кеңінен қолданылады.

    Бір октавалық, екі октавалық гаммаларды аспапта ойнағандай дауыспен орындау үшін әншіге алдымен 2,3,4,5-ноталар топтамасынан тұратын жаттығуларды меңгеру керек. №1-2 жаттығуларды жабық ерінде айтып, оқушының резонаторды сезіну, әншілік тыныс алуын үйренуге ,дауысты «оятуға» мүмкіндік беру керек. Содан кейін осы жаттығуларды және 3,4,5 – жаттығуларды  дауысты дыбысқа жай екпінде асықпай айтқызу керек. Осы жаттығуларды меңгерген соң келесі жаттығуларды бірте-бірте тездетіп айтуға кірісуге болады. 3,5-жаттығулар жоғарыдан басталатындықтан 1-ші нотаға атаканы өте дәл әрі таза жасау керек. Тынысты төмен алып жоғары позицияны түсірмей төменгі ноталарды біркелкі орындау керек. Алғашқы кезде гаммаларды жоғары-төмен толық дауыспен ешқандай нюанссыз вокалдік тынысты тереңге алып дауыстың біркелілігін сақтау керек. Жаттығуларды толық меңгергеннен кейін нюанстар жасауға болады. Оқушы гамма жаттығуларын орындаған кезде фортопианода оны толық сүйемелдемей, тек аккорд түрінде сүйемелдеу қажет. Сонда оқушы жаттығуды таза айтуға дағдыланады. Тональності сезінуге жаттығады. Жаттығуларға екпін (темп) туралы белгілер қойылмаған .Е  кпінді педагог өзінің қалауымен қолданады.

                                    Арпеджио жаттығулары.

Арпеджио атауы италияның – arpeggio (арпеджио) – деген сөзінен алынған. Аккордты Арфа аспабында ойнағандай орындау деген мағынаны береді. Арпеджиода аккордтар, дыбыстар бір мезгілде емес, кезекпе-кезек бірінен кейін бірі орындалады. Негізінен төменнен жоғары қарай жиі қолданады.

     Вокалдік педагогикада Арпеджио жаттығуларының алатын орны ерекше. Арпеджио жаттығуларын алғашқыда асықпай жай екпінде (legato) орындау қажет.Арпеджиода ноталарды бір-бірінен үзбей, портаменто жасамай, бір нотадан келесіге дәл ауысу қажет. Арпеджио жаттығулары әсіресе дауыс диапазонын кеңейтуге, дауыс жылдамдығын жетілдіруге, регистрларды тегістеуге, дауыстың майдалығы мен жұмсақтығын жетілдіруге, ,интервалдардың интонациялық дәлдігін қалыптастыруға, лигато, стакатто әдістемелерін меңгеруге кең түрде қолданылады. Жаттығулардың 30-шы номерінен 56-ға дейінгілері Арпеджио жаттығулары. Бұл жаттығулар мажорлық  3 дыбыстан басталып бірте-бірте диапазон, ритм, әуендік (мелодиялық) жағынан күрделене береді. Жаттығуларда екпіндік (темп) белгі қойылмаған. Педагог оқушының жаттығуды игеруіне қарай екпінді тездетеді. Қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуға ауысуда әр оқушының дауыс мүмкіндігіне қарай педагог өзі шешеді.

  Cұрақтар:

  1. Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз?
  2. Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер?
  3. Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер?

Қолданған әдебиеттер:

  1. Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей
  2. Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз»
  3. Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *