Жоспары:
- Әншілік өнер туралы түсініктеме.
- Дауыс деген не? Дауыс түрлері
- Әншілік өнердің түрлері.
Әншілік өнердің әліппесі.Тыныс алу мүшелері.
Жоспары:
- Вокалдық тыныс алудың түрлері.
- Диапазон.Тембр.
- Әншілік өнер туралы түсініктеме
Әншілік өнерге алғаш қадам басқан адамдарды ең алдымен әншілік қабілетін жетілдіруге арналған әдебиеттер қызықтырады, вокалдық өнер туралы сұрақтарға жауап іздейді. Педагогтар қандай да бір кітапты бағыттауға қиналады.Әншілік өнерді дамытуға арналған оқулықтар, әдебиеттер бар. Бірақ , олар көбінесе тәжірибелі әдіскерлер мен әнші-орындаушыларға арналған. Жаңа бастаған әншілерге одан бағыт-бағдар алу қиынға түседі. Жалпы барлық әншілер вокал негізін игеруі тиіс.
Аспаптарды өз бетімен үйреніп ойнайтындар болады. Оларға арналған «Баянистің алғашқы қадамы», «Гитаристің әліппесі», «Домбыраға арналған оқулық» немесе «Домбыра үйрену мектебі» сияқты көмекші құралдар бар. Ал әншілерге арналған ондай құрал жоқтың қасы.
Табиғи қабілет пен дарын. Әнші болу үшін ең алдымен мәнерлі дауыс, әншілік қабілет,есту және есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, музыкаға деген белсенді эмоциялық сезім, жақсы дикция, еңбекқорлық , сахналық сырт бейне, жақсы дауыс болу керек. Осы қабілеттердің барлығы бір адамның бойынан табылуы мүмкін бола бермейді. Біреуі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың нәтижесінде олар бірін-бірі толықтырып жатады.
Дауыстың сапалық негізі не дегенде, мен, тембр, диапазон , таза дауыс және дауыстың қаттылығы дер едім. Маңыздысы тембр. Дауыс күші аз болып, кішкене ғана диапазон болғанда, қызығушылықты әдемі тембр тудыруы мүмкін. Мұндай дауыстарға ария айтпай-ақ камералық репертуар мен халық әндерін айтуға болады. Егер диапазон мықты болып тембр нашар болса, онда әншілік дауыс әдемілігі болмай, қызықтырудан айырылады.
Тембр – дыбыс бояуы, дауыс бейнелеушісі. Дауыс бояуы – туғаннан қалыптасқан табиғи сапа, бірақ өсе келе арнайы оқу кезінде өзгеруі мүмкін. Тембрде музыкалық көңіл күй, эмоциялық сезім байқалады. Сондықтан да музыкалық мәнерлілікпен үнемі жұмыс істеу өте маңызды.
Диапазон дегеніміз төменнен жоғарыға дейінгі дауыстағы дыбыстардың жиынтығы. Ал әншілік регистр біртекті дауыс бояуының дыбыс қатарындағы дауыс тербелісінің жұмысы.
Ерлердің тазаланбаған дауысында екі регистр болады: кеуде және бас (фальцет). Арнайы оқыған әншілер негізгі регистрде фальцетпен айтпайды, тек аралас дыбыспен (микстпен) айтады.
Әйелдер дауысы үш регистрге бөлінеді: кеуде (төменгі), ортаңғы (аралас) және бас (жоғарғы). Әйелдер дауысы ерлерге қарағанда табиғатынан аралас регистрлі болады.
Дауыстағы өтпелі дыбыстар деп бір регистрден екінші регистрге ауысатын дыбыстарды айтады. Мұны музыка тілінде мутация деп атайды. Ерлер дауысында бір өтпелі кезең, ал әйелдер дауысында екі өтпелі кезең болады. Бұл уақытта шекара дыбыстарында ән айту қиын. Себебі өтпелі дыбыстардағы тәсіл біртекті регистрлі дыбыс жасай алмай, сыну пайда болады. Сондықтан жасанды аралас дыбыс жасау тәсілін қолдану керек.
Микст – кеуде және бас дыбыстарының бірігуінен жасалған аралас дыбыс. Ол жұмсақ , кеуде дыбысына қарағанда жеңіл әрі фальцетке қарағанда дыбыстырақ .
Әншілік вокалдық өнер -музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері. Әншілік өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Әншілік өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты — трио, төрт дауысты — квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз капелламен орындалады (қ. Капелла). Әншілік өнері жанр, стиль «жөнінен де дараланады. Әншілік негізінен — опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық Әншілік вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік ,лирикалық, әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан — әуенділік, декламаниялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кен тыныстылық, алымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль музыка тақпақ речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Әншілік стилінің колоратуралық түрінде ән мелодия»! мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.[
Әншілік өнер — қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады.
Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.
Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет.
Вокал пәнінің негізгі басты шарты — жастардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.
Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы:
— Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады.
— Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді.
— Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау.
Әншінің тыныс алуының түрлері.
• Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды.
• Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады.
• Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі.
• Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді.
Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады.
Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек.
Адамның дыбыстаушы мүшелері:
- Тыныс мүшелері.
- Тамақ.
- Қуыс мүшелері.
- Тыныс мүшелері: өкпе, қолқа, көмекейжәне жоғарғы резонаторлар құрылысы.
- Тамақ және дауыс шымылдығы.
- Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.
Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысыны жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір-бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады.
Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейміз. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.
Сұрақтар:
1.Әншілік өнер деген не?
2.Диапазон мен тембр туралы анықтама беріңіз?
3.Тыныс алу мүшелері және оның қызметі туралы анықтама беріңіз.
Қолданған әдебиеттер:
Голубев П. «Советы молодым педагогам-вокалистам» Москва 1956 г.
Назаренко И.К «Искусство пения» Москва 1956 г.
Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958 г. «Музгиз».