Масса және оның өлшемі туралы түсінік қалыптастыру

 

 

  1. Балалардың заттың массасын сенсорлық негізінде қабылдау ерекшеліктері

Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусекғалымдары үлес қосты.

            Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .5-6 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане өлшейік!» «Таразыға салайық!»

Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың массасын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты оқытуды кезеңдер бойынша құру керек.

Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.

Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).

Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері

Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.

Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).

Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.

Орта топ балалары  салыстыру үшін үлгіні өлшеуіш ретінде қабылдайды; заттардың арасындағы масса бойынша  қатынасты белгілейді: ең ауырын (жеңілін) таңдап, заттарды бірінің астына бірін берілген сапасы бойынша қояды.

Үш затты массасы бойынша салыстыруда, біреуі үлгі қызметін атқарады. Ретімен қою нәтижесі ауырырақ – жеңілірек сөзімен анықталады. Бұл тапсырманы орындаудың тиімді тәсілі үлгімен барлық заттарды салыстырып, осының негізінде олардың қайсысы жеңіл, қайсысы ауыр немесе бірдей екенін анықтау болып табылады.

Бала мұндай жұмыстың арқасында заттың көптеген белгілерінің арасынан массасын анықтап, оны жинақтай бастайды. Заттарды берілген белгілеріне байланысты реттеу және топтастыру үшін жағдай жасалып, осының өзі жұмыстың келесі кезеңі деп аталады.

Заттарды олардың массасына қарай өсу немесе кему ретімен қою, яғни реттеу, сериациялық ретпен орналастыруға байланысты тапсырмаларды орындауды  орта мектеп жасына дейінгі кезеңде  бастауға болады, бірақ көбінесе олар ересек топтарда орындалады.

  1. Массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптастыру

Таразының көмегімен массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптасады. Мысалы, балшық бөлшегінен көлемі бойынша бірдей екі дөңгелек жасау ұсынылады. Олардың теңдігі тостаған таразыыда өлшенеді. Сосын дөңгелектердің біреуінен балалар ұзын сәбіз, таяқша,  шұжық жасайды. Таразының бір тостағанына жасалған затты, екіншісіне дөңгелекті қояды. Тостағандардың теңдігі балаларға массаларының бірдей екенін көрсетеді.  Заттың пішінін бірнеше рет өзгертіп, таразының көмегімен массаның инварианттылығын дәлелдеуге болады. « Бірдей болу себебі, біз балшыққа ештеңе қоспадық та, алмадық та», -дейді  балалар. «Балшық бөлшегі солай қалып, тек қана пішіні өзгереді: бірде дөңгелек, бірде таяқша, бірде сәбіз», — дейді тәрбиеші.

Балалар тәжірибеде мынадай қорытындыға келеді: затты қайта жасау оның сыртқы түрін өзгертіп, массасын өзгеріссіз қалдырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *