Мектепке дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлау екешіліктері

 

  1. Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік

Өзінің дене мүшелері арқылы кеңістікті бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктердің ішінен кеңістікті өзінің дене мүшелерінің жүйесі негізінде бағдарлау өте маңызды болып табылады. Кіші топ балалары кеңістікті дене мүшелерімен бағыттарды қарапайым түрде бағдарлап үйренеді. Ал мектеп жасына дейінгі бала сөздік жүйесімен негізгі кеңістік бағыттарын атап айтуды меңгереді Мысалы, алға-артқа, төмен-жоғары,оңға-солға. Сонымен қатар,шығыс,батыс,солтүстік,оңтүстік бағыттарын ажыратады. Кеңістікті бағдарлау барысында бала өзінің дене мүшелерінің бөліктерімен байланыстырады:  Жоғары-басы, төмен-аяғы,алға-беті,арты-арқасы,оңға-оң қолы,солға –сол қолымен бағыттарды көрсетеді. Жалпы кеңістікті бағдарлауда көру және есту анализаторының орны ерекше.

Сыртқы объектілер бойынша кеңістікті бағдарлауды дамыту

Кеңістікті сыртқы объектілер бойынша бағдарлау өте маңызды. Сыртқы обьектілердің дұрыс орналасу бағыттарын меңгеруді талап етеді.»Өзінен қарай», « басқа тұлға атынан», басқа заттың атынан» түсініктері қалыптасады.  Мұндағы негізгі ұғымдар алдында,артында,үстінде,астында,жанында. Мысалы,Мен Айнұрдың алдында тұрамын…. немесе артында ,оң жағында сол жағында деген сияқты түсіктерді қалыптастырып, ажырата білуді үйренеді.

Жазықтықтағы бағдарлау

Мектепке дейінгі мекемеде жазықтықта дұрыс бағдарлауды үйрету қиынға соғады. Оны  негізгі мектепке даярлық топтарынан бастау қажет.Жазықтықты бағдарлауды мысалы қарапайым тапсырмалар орындату арқылы меңгерту. Қағаз бетіне екі клетка төмен,алты клетка оң жаққа,төрт клетка жоғары деп қарапайым түсініктерді қалыптастыру негізінде жазықтықта дұрыс бағдарлауын жүйелі дамыту. Жазықтықты бағдарлауда жанында,ортасында үстіңгі жағында және т.б. ұғымдарды қалыпастыруда маңызы зор.

  1. Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтаудағы сөздер

Кеңістіктегі іс әрекетттің орнын анықтауға және «қай жерде?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

     Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Олар: іс-әрекет орнын көрсетіп «қай жерде?»деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер бірінші тобы (осында, онда, мұнда ,оң жақта, сол жақта, ішінде,сыртта,артта,алдында,жғарыда,төменде,барлық жерде,тысқарыда).

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

       Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді. Кеңістіктегі қозғалыс бағытынының кері сипатын анықтауға және «қайдан?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер екінші тобы (ана жақтан,оң жақтан,сол жақтан,алдынан,жоғарыдан,артынан,төменнен,ішінен,сырттын,алыстан) екінші топ үстеу сөздері деп аталады.

Кеңістіктегі қозғалыс бағытын анықтауға және «қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер?

       Балабақша жүйесінде кеңістікті бағдарлау мақсатында бағыттарды анықтайтын көмекші сөздермен қатар үстеулер де қолданылады. Жалпы үстеулер тобы үшке бөлінеді.

Кеңістікте іс-әрекет бағытын көрсететін «Қайда?» деген сұраққа жауап беретін үстеу сөздер үшінші тобы ( мұнда,бері қарай, онда, әрі қарай, сол жақта,оң жақта,алдында, артында,жоғарыда, төменде,ішінде.сыртында)

 Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты көрсететін көмекші сөздер.

            Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді. Кеңістіктегі заттардың арасындағы қатынасты,адам мен зат арасын анықтайтын көмекеші сөздер тобы болады.Олар: артта, алдыда, қарама-қарсы.

 Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістіктегі бір заттан екінші затқа қарай қозғалыстың бағытын сипаттайтын көмекші сөздер тобы астында,үстінде,сыртында,алдында. Мысалы, Сен қасықты үстелдің астына түсіріп алдың.

Кеңістіктегі қозғалыстың негізгі бағыттарын сипаттайтын көмекші сөздер тобы.

Балабақшада оқыту процесі бойынша бала кеңістікті бағдарлау барысында көмекші сөздер мен үстеулер тобын меңгереді.Кеңістікте қозғалыс  бағыттарын қозғалыс бағыттарын көрсететін көмекші сөздер тобына: ішкі бағытты анықтайтын көмекші сөздер қарай. Мысалы,Айнұр мамасына қарай барды. Сонымен қатар,жоғары бағытты көрсететін көмекші сөздерге: бойымен,арқылы,бойлай көлденең Мысалы, Біз тегіс жолдар бойымен жүріп өттік.Үйге орман арқылы оралдық.Біз өзенді бойлай келдік.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік бағдарлауды дамытуда суреттерді қолдану.Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру. 

«Кеңістік» Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. «Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. «Оң және сол» Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. «Суреттерді орналастыр» Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауғадағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.

«Танып ал да, атын ата» Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. «Тәулік бөліктері » Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. «Сипаттамасы бойынша тап» Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?» «Доппен ойнау» Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: доп. Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әркомандадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. «Ойыншықты тап» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Көрнекілік: Топтағы ойыншық. Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа» Мақсаты: жоғары-өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, — деп сипаттап айту керек.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістікті бағдарлау түсінігін қалыптастыру үшін «тірі» суреттерді қолдану.

            Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.   Сыңғыр – сыңғыр ойыны.Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.Қажетті құралдар: Қоңырау.Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта ойыны.Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын — қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады.Ойын бірнеше рет қайталанады.Тез ойла ойыны.Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.Қажетті құралдар: Топтағы заттар.Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.                       

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *