- Геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Оқу жылының басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарты қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр. Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аз деген сұраулар қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол түстегі немесе көлемі де сондай шарты тауып көрсет.
Куб және шарты айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды теңестіруге кіреді.
Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.
Қорыта келе сабақ соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың ішінде төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.
Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша 30минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Еге балалар үшбұрыш пен дөңгелекті, төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет болады.
Балалардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан балаларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Балалармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан екі квадрат шығарады., конструкторлармен ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
- Геометриялық фигураларды ажыратуға және сөзбен анықтауға арналған жаттығулар
Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.Геометриялық денелер – куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру. Л.А. Венгердің тәжірибелері көрсетендей, үш, төрт айынан бастап, балалар геометриялық фигураларды ажырата бастайды. Жаңа фигураларға қарап дағдылана бастау соның бейнесі. Ал балалар екі жасынан бастап геометриялық фигураларды еркін ажырата бастайды, мынандай жұптарға байланысты: шаршы және жарды шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш. Ал төртбұрыш пен шаршыны, шаршы және үшбұрышты ажыратуды балалар тек үш жасқа таяғанда ажырата алады. Ең алдымен балалар өздеріне таныс емес геометриялық фигураларды күнделіктті заттарға ұқсатады: цилиндрді- стаканға, сопақшаны-жұмыстқаға, үшбұрышты – үйдің шатырына, төртбұрышты- терезеге келтіреді. Геометриялық фигуралар туралы үлкендердің оқытуы барысында олардың түсініктері дұрыстала бастайды. Балалар енді оларды затарға жатқызбайды, тек солармен салыстыра бастайды, цилиндр- стакан сияқты, үшбұрыш-үйдің шатыры сияқты және т.с.с. және соңында, балалар заттардан геометриялық фигураны көре бастайды, сол арқылы заттардың формасын анықтайды: доп, алма-ол шар, тарелка, дөңгелек домалақ формада, ал қол орамал-шаршы тәріздес т.б. Балалар фигураның әр түрлі жақтары мен бұрыштарының саны және фигураның атауының арасындағы байланысты түсіне бастайды: үшбұрыштың олай аталу себебі, оның үш бұрышы бар, төртбұрыштың олай аталу себебі, оның төрт бұрышы бар. Бұрыштарын санау арқылы, балалар фигураларды дұрыс анықтайды: бұл алтыбұрышты, бұл бесбұрышты, себебі оның көп бұрышы бар – 3,4,5,6,8 және одан көп болуы мүмкін, онда ол шеңберге ұқсас болып келеді.
- Геометриялық фигураларды ажыратуға және дұрыс атау білімдерін бекітуге арналған жаттығулар
Мақсаты: әр жас топтарына байланысты әр түрлі ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде геометриялық фигураларды ажыратуға және дұрыс атауға арнаған жаттығулармен таныстыру, геометриялық фигураларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларға әр жас топтарына байланысты нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Тәрбиешінің міндеті балалардың осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Балалардың түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т. с. с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамын.Қарапайым математика сабағында «Нүкте. Сәуле. Бұрыш» тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Балалар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілейміз. Балаларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т. с. с.Ұяның пішінін сипаттауды сұраймын. Қабырғасы шаршы немесе тік төртбұрыш, ал шатыры үшбұрыш фигураларына ұқсайтынын балалар айтады.Дене тәрбиесі сабағында спорт залдағы құрал — жабдықтарды көрсете отырып, олардың пішіні неге ұқсайтынын сұраймын. Мысалы: төсеніш — тік төртбұрыш, баскетбол добын лақтыратын сақинаның шеңбер екенін, тағы қандай дөңгелек пішінді бұйымдар бар екенін сұраймын.. Мысалы: доп, шығыршық, секіртпе түзу сызық немесе қисық сызыққа ұқсайтынын айтқызамын.«Велосипед» тақырыбын өткенде велосипед тебу ережесін түсіндіре отырып жол ережелерін сақтауды үйретемін. Велосипедтің дөңгелектері, корпусы, бағыттаушы бөлшегі неге ұқсайтынын айтқызамын. Табиғаттағы барлық нәрсені геометриялық фигуралар деп қарастыруға болатынын ескертемін.
Еңбек сабағында «Қағаз және қатырма қағаз бен жұмыс істеу» тарауында әр түрлі пішіндерден аққаланы, машинаны қандай фигуралардан құрастыру керектігін түсіндіремін. Шаршы, тік төртбұрыш, дөңгелек бөлшектерін қиып алып әр фигураның орнын тауып, дұрыс үйлестіріп қоюға көмектесемін. Геометриялық фигуралардан тағы да не жасауға болатынын сұраймын. Балалар өздігінен үй, әтеш, аққала, түрлі ойыншықтар жасайды. Әр фигураның орнын анықтайды. «Қуыршақ киімін модельдеуде» қазақтың ұлттық киімдерінің бірі — сәукелені қатырма қағаздан жасап көрсетемін. Сәукеленің пішінін анықтатамын, конус, дөңгелек пішіндерді балаларға айтқызамын да геометриялық фигуралармен, денелермен таныстырамын.
Бейнелеу сабағында геометриялық фигуралардың мінезінің әсерлі мазмұнын ашамын. Күрделі пішіннен қарапайым пішін көруге және қарапайым пішіннен күрделірек пішін құрастыруға үйретемін. Қысқа өлеңдер арқылы фигураларды тапқызамын.1) Бұрыш жоқ менде еш қандай,Ұқсаймын мен табаққа,Қарбызға да, шарға даТауып көрші қандаймынДөңгелекпі, доптаймын2) Менің досым бір қызық,Жан жағы бар тік сызықҚабырғалары бірдей,Оның аты – төртбұрыш.3) Үш төбем бар сүйірлі,Тауға ұқсаймын сүйкімдіКім табады, қанекей,Үшбұрыш деді бәрі де.Сызықтар тұйықталып белгілі бір пішін құрайды.Фигуралардың көмегімен жануарлардың қызықты пішіндерін жасап көрейік.«Ою — өрнек құрастыру» тақырыбын өткен сабақта өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгілі тәртіппен орналастырып, қарапайым ою — өрнек құрастырады. Ою — өрнектердің қандай геометриялық фигуралардан тұратынын айтқызамын. Өз ойларынан геометриялық пішіндерден ою — өрнектер ойлап табуын тапсырамын.Қарапайым математика сабағында пайдалану«Қарапайым математика» сабағында «Сиқырлы көзілдірік» ойынын ойнатамын. Балаларға елестете отырып, көзімізге сиқырлы көзілдірікті киеміз. Бірінші көзілдірігіміз дөңгелек, оны кигенімізде біз жан — жағымыздан тек қана дөңгелек пішінді заттарды табамыз. Мысалы: сағат, гүл салатын ыдыстың түбі т. б Екінші көзілдірік — төрт бұрышты. Оны киіп жан — жағымызға қараймыз, төртбұрышты пішінді бұйымдарды айтамыз. Мысалы: тақта, үстел, кітап, терезе, есік, т. б. Бұл көзілдірікті шешіп, үшіншісін киеміз. Оның көздері үшбұрышты екен. Қиялымызда сыныптан шығып қоршаған ортадан іздеп көрейік: Үйдің шатыры, құстың тұмсығы, т. б
- Мектепке дейінгі балаларда геометриялық білімді дамытудың деңгейлері
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балада геометриялық білімді дамытудың А.М Пышкало мен А.А. Столяр үш деігейін көрсеткен болатын.
Бірінші деңгейі балада геометриялық фигура тұтас қабылданады. Олар бастапқыда фигуралардың жеке бөліктерін ажырата алмайды. Заттың формасына геометриялық фигуралармен сөздік анықтама берілуімен сипатталады.
Екінші деңгейде мектеп жасына дейінгі бала геометриялық фигуралардың элементтерін ажырата білуді және жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренуімен сипатталады.
Үшінші деңгейде бала фигуралардың элементтерін ажыратып жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренумен қатар қарапайым геометриялық блімдіқалыртастырумен сипатталады.
- Заттың формасы мен геометриялық эталондарды сәйкестендіру кезеңдері
Балабақшада балалар заттың формасы мен геометриялық эталондарды сәйкестендірудің бірінші кезеңде геометриялық фигуралардың көмегімен заттың формасына сөздік анықтама беруді үйренеді. Сонымен қатар,заттардан геометриялық фигуралардың модельдерін ажыратады.Балалардың санасында берік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде картиналарды,дидактикалық ойындарды қолдануға болады. Сол себепті мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»-дейді. Мысалы, «Ұқсас фигуралардың қатарын көрсет», «Төртбұрыштыға ұқсас фигураларды топтастыр» және т.б.
Балабақшада балалар заттың формасы мен геометриялық эталондарды сәйкестендірудің екінші кезеңде тек қана заттың негізгі формасын ғана емес, сонымен қатар форманың жекелей бөліктерін ажыратуды үйренеді.Ойын жаттығулары балаларда көру анализаторы арқылы затты жекелей бөліктерге бөлу немесе керісінше жеке бөліктерден құрастыру дағдыларын қалыптастырады. мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс картина, кубик, мозайка құрастыру, топпен және жекелей « Домино», «Геометриялық лото» ойындарын ойнатуға болады.
6. Жазық фигураларды әр түрлі фигураларды түрлендіру арқылы құрастыруға арналған жаттығулар
Тапсырма: Екі үшбұрыштан шаршы құрастыру, ал басқа үшбұрыштардан тік төртбұрыш құрастыру. Содан кейін, екі, үш шаршыдан, әр түрлі жолдармен бүгу арқылы жаңа фигура құрастыру.( үшбұрыш, төртбұрыш, кіші шаршылар). Бұл тапсырмалар әр түрлі фигураларды бірнеше бөліктерге бөлу жаттығуларымен байланысты.. Мысалы: балаларға үлкен шеңбер, төртбұрыш, шаршы беріледі, олар екі немесе төрт бөліктерге бөлінген. Ол бигураның бір жағы барлығында бір түспен , ал келесі жағында әр фигура әр түрлі өз түстерімен боялған. Бұндай жиын әрбір балаға беріледі. Ең алдымен балалар барлық фигураларды қосып араластырады, әр қайсысы бөліктерге бөлінген, оларды цветтеріне және көлеміне қарап топтастыру арқылы әрқайсысынан толық бір фигура шығарады. Кейін барлық түстері бірдей келесі жақтарымен аударып, фигураларды араластырады. Кейін шеңбер, шаршы, төртбұрыш жасау үшін қандай фигуралар қажет, соларды тауып құрастырады. Соңғы тапсырма қиынырақ болып есептеледі, себебі балаларға фигуралардың түстері бірдей болғандықтан олардың формасы мен көлеміне қарап ажыратып, құрастыру қажет.
Фигураларды таяқшалардан құрастыру.Фигураларды таяқшалардан құрастыру ең қарапайым тапсырма болып есептеледі. Құрастыру: 1) жалауша , күрек 5 таяқшадан, ал үй 6 таяқшадан; 2)екі бірдей мөлшердегі үшбұрышты 5 таяқшадан; 3)2 бірдей шаршыны 7 таяқшадан; 4) 3 бірдей үшбұрышты 7 таяқшадан; 5) 3 бірдей шаршыны 10 таяқшадан; 6) 9 таяқшадан 4 бірдей үшбұрыш; 7) 5 таяқшадан шаршы және 2 бірдей үшбұрыш; 8) 8 таяқшадан шаршы және 4 үшбұрыш. Бұндай жаттығуларды орындау бір фигураны басқа фигураға айналдыру немесе құралған фигурадан басқа фигура құрау үшін бөлу арқылы жасалады.
Бірнеше таяқшаны алу арқылы фигураны түрлендіру.1- тапсырмада 6 шаршыдан құралған фигурадан 2 таяқшаны алу арқылы 4 шаршылы фигура қалдыру. 2-тапсырмада тізбектеліп орналасқан 5 шаршыдан 4 таяқша алу арқылы 1 тік бұрыш құрастыру. 3-тапсырмада 5 шаршылы фигурадан 3 таяқшаны алу арқылы 3 шаршы қалдыру. 4-тапсырмада 5 квадрадтан құралған фигурадан 4 таяқшаны алу арқылы 2 бірдей емес шаршы қалдыру.
Таяқшалардың орнын ауыстыру арқылы фигураны түрлендіру. 1-тапсырмада 4 шаршыдан құралған фигурадан, 2 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 5 шаршы құрастыру. 2-тапсырмада кілтке ұқсайтын фигурадан 4 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 3 бірдей шаршы құрастыру. 3-тапсырмада жебеге ұқсас бейнеленген таяқшалардан 4 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 4 бірдей үшбұрыш құрастыру. 4-тапсырмада шамға ұқсас бейнеленген фигурадан 3 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 4 бірдей үшбұрыш құрастыру. 5-тапсырмада 3 таяқшаның орнын ауыстыру арқылы 5 шаршыдан 4 шаршы құрастыру.
- Қатардағы жетпейтін фигураны іздеуге арналған логикалық есептер. Логикалық тапсырмалардың көп түрі қалыптасқан. Олар бейнеленген заттардың жеке бөліктері мен белгілері мен айырмашылықтарын табуға байланысты . Сонымен қатар бұл тапсырмалар қателіктерін табуға, талдау арқылы ауызша тапсырмалардың жауабын табуға арналған. Мектеп жасына бейінгі балалардың жоғарғы тобында бұндай тапсырмалар берілген фигуралардың ішінен жетпейтін фигураны табуға және белгісіне байланысты бір фигураның басқа фигуралардан айырмашылығын табуға арналған. Бұндай тапсырмаларды орындау барысында ақыл ойын дамыту белгілері орындалады: олар салыстыру, ерекшеліктерін табу және жалпылама барлығын көру. Қатардағы жетпейтін фигураны табу еңжеңіл тапсырма болып табылады, сондықтан оларды жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалар топтарында бірінші осы тапсырмаларды қолданудан бастау керек. Балаға бізбектелген фигураларды қарап шығу ұсынылады. Фигураларды тігінен және тізбектелген ретімен қарап шығып жетпейтін фигураны тауып орнына орналастыру қажет. Топтағы балалармен бұл тапсырманы орындату үшін тапсырмалар үлкен қағаз бетінде бейнеленеді. 8. Екі фигураның айырмашылық белгілерін табуға арналған жаттығулар«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа. «Өзара айырмашылығын тап» Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы. Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
9.Балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру
Балабақшада балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру ең алдымен танымдық процестердің қалыпты дамуын,логикалық дұрыс ойлауын қамтамасыз етеді. Фигура силуэттерді құрастыру барысында балалар фигуралардың пішініне сөздік сипаттамалар беріп, ажырата біледі.Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын. Бірінші кезеңде ең алдымен бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэтті құрастыруды талап етеді. Фигура силуэттарды құрастыру жаттығуы үлгіні тиянақты қарап алуымен басталады. Көріп алу арқылы бала фигуралардың негізгі бөліктерден құрауын басталатынын содан кейін қалаған бөліктері құрастыралатынын айта кету. Енді құрастырылған фигура силуэтті үлгі бойынша салыстыру. Екінші кезеңде бөліктерге бөлінбеген яғни тұтас үлгі бойынша құрастыру. Тәрбиеші балаларға фигуралардың қалай орналасуын дұрыс көріп алуды ұсынады. Есте сақтауының жүйесі негізінде бала өзі құрастырып болған соң,үлгіні қарайды. Бала бұл кезеңде ойланады,қателерін түзейді.Осыған байланысты «Танграм», «Вьетнамдық ойын», «Монголдық ойын» «Сиқырлы дөңгелек» ойындары бар.
Фигура силуэттарды құрастыруға арналған «Танграм» ойыны. Танграм (қытайша, пиньиньqīqiǎobǎn — «ұстаның жеті тақтайшасы») — бір фигурадан күрделірек фигураларды (адамды, үй тұрмысының затын, әрiп немесе санды, түрлі жануарларды т.б.) алу үшін жеті жазық фигураны бүктеуден тұратын бас қатырғыш. Бұл ойынның түрі Қытайда кеңінен тараған. Мұнда аз уақыттың ішінде көп фигураны жасау сайыстары да өтеді. Бұл ойынды сонымен қатар геометриялық құрастырғыш деп те атайды. Қытайлық оқымысты Та-нг есімімен аталған. Белгілі бір геометриялық фигуралардан бір бейне құрастырылады. Геометриялық фигуралар екі жағынан да бір түсті болып боялады және шаршы тәріздес картон немесе фанер, пластиктан жасалуы мүмкін. Танграм 7 геометриялық фигураларға бөлінген бөліктерден тұрады. Танграм ойынын жасау үшін мөлшері 10-10 см болып келетін шаршы қолданған ыңғайлы. Шаршы әр түрлі мөлшердегі 5 тік үшбұрыштардан тұрады: 2 үлкен, 1 орташа, 2 кіші, 1 шаршы, көлемі бойынша бірдей келетін 2 кіші үшбұрыштардың арасында шаршы және сондай-ақ тіктөртбұрыш орналасқан. 7 фигурадан құралған шаршыдан әр түрлі геометриялық және бейнелі жалпақ фигуралар құрастыруға болады. Фигураларды құрастыру кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: әр түрлі фигураларды құрастыру кезінде ойынның 7 элементі түгелімен қолданылуы қажет, оларды бір –біріне тек фигуралардың жанымен, шетімен жалғастыруға болады, фигураларды бірінің үстіне бірін бастыруға болмайды. Бір қызығы бұл ойында балалар өздері ойын силуеттарын ойдан құрастырып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруіне болады. Бұл ойын жоғарғы топтарда және мектепке даярлық топтарында қолданылады. Танграм ойыны балаларды өз бетімен құрастыруға қызығушылығын оятып қана қоймай, сонымен қатар батылдық, жігерлік танытуға, ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Танграм ойыны мектеп жасына дейінгі балалардың жекелеген геометриялық фигураларды құрастыру жаттығуларының құрамында мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл ойын дидактикалық ойын ретінде сабақ уақытынан бөлек уақыттарда көптеп қолданылады. Ойынның басында балалар Танграм ойынымен танысады, оның 7 бөліктерімен, олардың көлемін, пішінін, жаңа жасалған фигураның қалай құралғанын көріп , қалай құрастырылғанын көріп танысады. Мысалы, орта үшбұрыштан және төртбұрышты қолдану арқылы жаңадан төртбұрыш құралады және бұл фигураны атап, оны бақылап, қалай жасалғанын айтады.
Фигура силуэттарды құрастыруға арналған «Сиқырлы дөңгелек» ойыны. Шеңбер 10 бөліктен тұрады: олардың ішінде 4 бірдей үшбұрыш, қалған бөліктері өз араларында бірдей жұптастырылған, үшбұрышты формадағы фигуралармен ұқсас, бірақ олардың бір жақ бөлігі домаланып келеді. Осы ойынның бөліктерінен адамдарды , құстарды, ұшақтарды және басқа да фигураларды құрастыруға ыңғайлырақ.
Ойын ережесі осы ойындарға ұқсас ойын талаптарымен бірдей: белгілі бір фигураны құрастыру үшін 10 бөлікті түгелімен қолдану, фигуралар бірінің үстін бірі баспайтындай орналасуы қажет. Мақсаты: талдауға үйрету, құрастырылған формадағы затты бөлшектерге бөлу, сонымен қатар, бір бөлшегінің басқаларымен жалғанған амалдарын табу, балаларда образдық ойлау қабілеттерін дамыту, комбинаторлық қабілеттерін, тәжірибелік және ақыл-ойлық қызметтерін дамыту.Бұл ойын жоғарғы және кіші мектеп жасына дейінгі топ балаларының ақыл-ойын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған. Ойынның негізі әр түрлі заттық ситуеттарды , яғни жануарларды елестететін, тырмыстық заттарды, адамдарды, көлік құралдарын, әріптер, сандар, гүлдерді т.б. құрастыру болып табылады. Геометриялық фигуралардың қиындығы мен әртүрлілігінің арқасында кеңістікті бағдарлауды, комбинаторлық қабілеттерін, зеректігін, тапқырлығын, сонымен қатар ұғымпаздығы мен ұсақ моторикасын – баланың икемділігі мен оның дайындық деңгейіне байланыссыз.Ойынмен біртіндеп таныстыру қажет – баламен бірігіп элементтерін қарастырыңыз, оларды көлеміне, формасына байланысты топтастырыңыз, бірдейлерін табыңыз. Содан кейіін, оларды әр түрлі етіп бір- бірімен мағынасы түсінікті болатындай етіп байланыстырыңыз.Ойынның бөліктерінен адамның, құстың, өсімдіктердің, балықтардың және т.б. кейіптерін құрастырғанннан кейін оны қағаз бетіне ауыстырып, суретін аяқтап, бояу қажет. Балаға мүмкіндігінше қиындықтарды жеңуге көмектесіңіз – ең алдымен сіздің суреттеріңіз бен схемаларды құрастыруды ұсынуға болады, немесе керісінше, бала өзі бастаған жұмысты аяқтауға көмектесу.
Фигура силуэттарды құрастыруға арналған «Вьетнам» ойыны. Вьетнам ойыны Балалардың қиялын дамыту мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе балалардың қиялын зетттеу мәселесі қызығушылық тудыруда. Баланың қиял елестерін дамыту логопедиялық жұмыстардың жеңіл тапсырмадан қиын тапсырмаға біртіндеп өсуімен және тапсырмалардың көлемімен, жас ерекшеліктерімен байланысты.
Осындай тапсырмалар тәрбиешіге білім беру жұмысының формалары мен инновациялық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ойын диагностика үшін де, сонымен қатар білімін және дағдысын бекіту үшін де, коррекциялық танымдық процестерін анықтау және дамыту үшін де қолданылады. Балалар сурет құралдарымен тәжірибе, шығармашылық жұмыстар кезінде үлгілерін жасауы мүмкін, Ойынның мақсаты:балалардың ақыл-ой және шығармашылық дағдыларын дамыту;Міндеті:-мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктерін анықтау;-балаларды өз қимылдарын ойланып, жоспарлап жасауға үйрету.;-логикалық , кеңістіктегі бағдарлау, тілі, назары, ақыл-ойын дамыту;Материал:-7 бөліктен тұратын шеңбер;- түрлі түсті картон;- карандаш- қайшылар.Ойынның жұмыс кезеңдері:
Балаларға жеті бөліктен тұратын шеңбердің элементтерінде фигуралардың суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Берілген көлемдегі бейнелі фигураларды құрастыруды ұсынамыз.