Лиро-эпостық жырлар

Лиро-эпостық жырлар

“Козы қөрпеш — Баян сұлу” жыры
Жырдың варианттары
Жырдьң зерттелуі
Жанақтыңжыры
қыз Жібек
Айман — Шолпан

 

Ертедегі қазақ поэзиясывда сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады.

 

Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі — ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға ала-ды.

 

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрліжағдайларды, таптық, қоғамдықтілектердіңыңғайына қарай өзгеріп отырған. Үрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *