АМЕРИКА

АМЕРИКА — Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жатқан батыс жарты шардағы дүние бөлігі. Алғаш рет лотаринг картографы М. Вальдземюллердің 1507 ж. шыққан “Космографияға кіріспе” еңбегінде, флоренциялық теңізші Америго Веспуччидің Жердің батыс жарты шарынан дүниенің жаңа бөлігін тапқаны жайлы болжамына сәйкес аталған. Жалпы аум. 42,5 млн. км2. Ол екі құрлықтан — Солтүстік Америка және Оңтүстік Америкадан тұрады. Олар бір-бірінен Панама (Дарьен) мойнағы арқылы бөлінеді. Құрамына дүние жүзіндегі ең ірі Гренландия және жағалауларға жақын жатқан Вест-Индия аралдары кіреді. Құрлықтардың басқа дүние жүзі бөліктерінен оқшау жатуы, жер аумағының едәуір үлкендігі, геол. құрылысы мен жер бедері ұқсас болғанымен, табиғатындағы үлкен айырмашылық олардың әрқайсысын жеке құрлықтар ретінде қарастыруды қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *