АМЕНХОТЕП ӘУЛЕТІ — Ежелгі Мысырдағы перғауьш- дар әулеті. Аменхотеп ІІІ Б.з.б. 1455 — 1419/1405 — 1367 ж.ш. билік жүргізген. Оның патшалығының бастапқы кезеңінде Мысырдың әскери қуаты шырқау шегіне жеткен. А. III тұсында Луксорда сәулетті Амон-Ра ғибадатханасы мен патшаның альш мүсіндері “Мемнон колосстары” бейнеленген, кейін перғауынның өзі жерленген зәулім А. III ғибадатханасы салынған. А. III билігінің соңғы жылдарында ішкі қайшылықтар мен хеттердің шапқыншылықтары елді әлсіретіп, оның азиялық иеліктерінде толқулар жиіледі. Аменхотеп ІV. Б.з.б. 1419 — 1400/1368 — 1351 ж.ш. билік жүргізген. Орта және ұсақ жер иелерінің қолдауына сүйеніп, байырғы ақсүйектер мен олар табынған Амон-Ра құдайының абыздарына қарсы күресті. Мемл. дінде елді Атон құдайына табынатын етті. Өз есімін өзгертіп, Эхнатон (Атонға табынушы) деп аталды. Атонның құрметіне сәулетті ғибадатханалар салынды. А. IV тұсында Мысыр әлсіреп, Сирия мен Палестина оның ықпалынан шыға бастады. А. ІV-нің қандай жағдайда өлгені беймәлім.