Ашқарынға 1 стақан лимон қосылған су ішу өте пайдалы. Әсіресе ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды заттармен байытады. Нақты қандай пайдасы бар екенін төмендегі мәтіннен біле аласыз. 1. Иммундық жүйені нығайтады Өздеріңізге белгілі лимон С дәруменінің (аскорбин қышқылы) қайнар көзі. Суыққа қарсы күресетін, ағзадағы темірдің оңай сіңуіне ықпал ететін қасиеті де бар. Жалпы алғанда лимон ағзаның қорғаушы күші десек болады. Егер суға лимон араластыратын болсаңыз, сусынның құрамында микробты жоятын сапонин заты түзіледі. Нәтижесінде тұмауды, суықты емдеуге қабілетті келеді. Тұмау тиіп, суықтап қалсаңыз дереу лимон қосылған су ішіңіз. Ол қақырықты сыртқа шығарып, тамақ ауруларын емдейді. 2. Ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады Егер ішегіңізде проблема болса, онда лимон қосылған су ішіңіз. Бұл сусын ішіңізді жүргізіп, ішек жолдарын тазалайды. фото: imall.com 3. Ағзадағы pH балансты реттейді рН дегеніміз – қышқылдықты өлшеу бірлігі. Адам ағзасының әрқайсысының рН өлшері әртүрлі болады. Қалыпты жағдай 0-ден 14-ке дейін болу керек. Егер сіз лимон қосылған суды үзбей ішіп жүретін болсаңыз, тап осы балансты қалыпты ұстайтыныңызға сенімді болыңыз. Мәселен, лимон шырыны құяң ауруының пайда болуына себепші болатын несеп қышқылын ретке келтіреді. 4. Теріні нәрлендіреді Таңертең ішкен 1 стақан лимон қосылған су теріге ем болады. Нақтырақ айтқанда, терідегі бөртпені, қара дақты, безеуді лимон суымен кетіруге болады. Лимонның құрамындағы С дәрумені қара дақтың кішірейіп, жоғалуына ықпал етеді әрі безеуді шығаратын бактерияның көзін жояды. 5. Ағзаны тазалайды Лимон қосылған су бауырды тазалайтынын білесіз бе? Лимон қышқылы улы токсинді сыртқа шығарып, бауырды толық тазалайды. сонымен қатар несеп жүргізетін де қаситке ие. Несеп арқылы ағзаны бүкіл шлактан тазалауға қабілетті. 6. Артық салмақтан арылуға көмектеседі Арықтау үшін қымбат дәрінің көмегне жүгінбеңіз. Бар болғаны таңертең 1 стақан лимон қосылған су ішсеңіз, өзіңіз армандаған салмақ иесі боласыз. Өйткені лимон суы ішектің жұмысын жеделдетіп, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. фото: zen.yandex.ru 7. Деміңізді тазартады Лимон қосылған сумен ауыз қуысын шаюды әдетке айналдырсаңыз, жуық арада ауыздан шығатын жағымсыз иістен арыласыз. Керемет қасиетке ие бұл су ауыз қуысындағы бактерияны өлтіріп, стоматологиялық ауруларды емдейді. С дәрумені асқазанның саулығын жақсартады. Сондықтан да ашқарынға 1 стақан лимон қосылған су ішіңіз. Таңғы астан соң тағы да осы суды ішсеңіз, асқазан, ауыз қуысы ауруларын емдейсіз әрі деміңізді жақсартады.
ERNUR.KZ порталы