Үйсіндердің шаруашылығы

Шаруашылығы

Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағытұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жемісжидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.

Мал шаруашылығы

Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы — жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген.

Егіншілік

Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты.[

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *