Діни нанымдары
Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.
Жерлеу орындары
Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды