Көтерілістің негізгі мақсаты
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдіңқұрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
Көтерілістің басты себептері
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.
Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты
Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.
Көтерілістің қозғауыш күштері
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.