Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы— өз күшін халықаралық қақтығыстар немесе елдегі ішкі толқулар мен қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге және оларға көмек беруге бағыттай отыра Жер бетінде бейбітшілік болуына жағдай жасайтын халықаралаық ізгілікті қозғалыс. Бұл қозғалыс 1863 жылы құрылған.
Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы Женева конвенциясынақатысушы мемлекеттерге көмек көрсетеді, халықаралық гуманитарлық көмек жағдайларын әрбір елдің ұлттық заңына үйлестіру және халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату шараларын ұйымдастырады. Қарулы қақтығыстар кезінде бейтараптық танытып, қарсылас жақтарға тек гуманитарлық, медициналық көмек көрсетеді. Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, оған әлемнің 74 елі мүше, дүние жүзінің 50-ден астам елінде өкілдіктері бар. Қызыл крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының конференциясы 4 жылда 1 рет шақырылады.[2]

Ibrahim Foundation
Croixrouge logos.jpg
The Red Cross and Red Crescent emblems, the symbols from which the movement derives its name.
Құрылған күні 1863
Орналасқан жері Geneva, Switzerland
Қызмет аясы Worldwide
Саласы Humanitarian
Method Aid
Сайты redcross.int
 

Тарихы

Jean Henri Dunant
Қызыл Крест, Кызыл жарты ай және Қызыл арыстан мен күн.
  • Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының негізін қалаушы Швейцария азаматы Анри Дюнан. 1859 жылы Сольферинода (Солтүстік Италия) болған франция-австрия соғысында жараланған жауынгерлерге ешқандай медициналық көмектің болмауы Дюнанды қатты толғандырып, соғыс кезінде жаралы жауынгерлерге көмек көрсететін ерікті ұйымқұру идесын ұсынады.
  • 1863 жылы қазан айында «Общественной пользы» швейцариялық қоғамы Женевақаласында 16 еуропалық мемлекеттерөкілдерінің конференциясын шақырады. Конференцияға қатысушылар Анри Дюнанның ұсынысын талқылап, қабылдайды және оның ережесін Еуропа үкіметтеріне таратады.
  • 1864 жылы тамыз айында шақырылған Халықаралық дипломатиялық конференцияда жаралы және ауру әскерлердің халдерін жеңілдету туралы халықаралық келісім Женева конвенциясы қабылданады, сонымен қатар айырма белгісі – эмблемасы (ақ алаңда қызыл крест) белгіленеді. Түркия өз армиясының санитарлық қызметі мен оған сәйкес ерікті қоғамның белгісі ретінде қызыл жарты ай белгісін, ал Иран – қызыл арыстан мен күн белгісін енгізеді.
  • Женева конвенциясы мұнан кейінгі халықаралық конференцияларда жаңа бөлімдермен толықтырлып отырылды. Мәселен, 1899 жылы Гаагада теңіздік конвенция қабылданды. 1907 жылы Гаага конвенциясында Женева конвенциясы қайта қаралып, ережелері жан-жақты жетілдірілді.
  • 1864 жылы қызыл крест қозғалысының бастамашылары (Анри Дюнан, Дюфур, Муанье және т.б.) Қызыл Крест ұлттық комитеттерінің жұмыстарын басқару үшін Қызық Крестің Халықаралық комитетін құрады.
  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 19141918жылдары жеңімпаз елдерде (АҚШ, Англия, Франция) соғыстан жапа шеккен халыққа көмектесу және соғыстың санитарлық зардабын (жұқпалы аурулар, туберкулез, балалар аурулары және т.б.) жою үшін Қызыл Крестің жаңа халықаралық ұйымын құру туралы қозғалыс пайда болады.
  • 1919 жылы Парижде АҚШ, Франция және Англия елдерінің ұсыныстары бойынша Қызыл Крестің Халықаралық лигасы құрылады.
  • Қызыл Крестің XIII халықаралық конференциясында қабылданған жарғыбойынша Қызыл Крестің қоғамдық Лигасы Халықаралық Қызыл Крестің құрамына кіреді, сонымен қатар әлеуметтік ауруларды және соғыстың санитарлық зардабын жою жолында күресуде Қызыл Крестің ұлттық қоғамдарына жағдай жасап, олармен тығыз байланыста қызмет істеуді алдарынан міндет етіп қояды. Сөйтіп, 1928 жылы Гаагада Қызыл Крестің XIII халықаралық конференциясы Халықаралық Қызыл Крест құрамдас үш бөліктен тұратын болып белгіленеді:
    • Қызыл Крестің Халықаралық комитеті;
    • Қызыл Крест қоғамдарының Лигасы;
    • Қызыл Крестің ұлттық қоғамдары.
 

Кеңестік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары

Қалыптасу кезеңдері

  • Қызыл Крест Петроградта қазан ұрыстары кезінде «бейсаясаттықты» желеуретіп Қызыл гвардия отрядтарына медициналық көмек көрсетуден бас тартты және госпитальдардаҰлы социалистік революциясы күрескерлерін қабылдауға тыйым салды. Сондықтан петроградтық пролетариат революционер-медициналық жұмысшылардың көмегімен өздерінің пролетарлық Қызыл Крест ұйымын құрады. 1917 жылдың аяғында Қызыл Крестің Ресейлік қоғамының Бас басқармасының контрреволюциялық ұйымдармен байланысы барлығы анықталады. Осыған байланысты 1918жылы РКФСР Кеңестік Халық Комиссары Қызыл Крестің Ресейлік қоғамының Бас басқармасын қысқарту жөнінде, Қызыл Крест мүлкінің Ресей республикасының жеке меншігі болып саналатындығы және Қызыл Крестің құрылған басқа да ұйымдарын қайта құру туралы декрет жариялайды.
  • 1918 жылдың 7 тамызда Қызыл Крестің Ресейлік қоғамы туралы В.И.Ленин қол қойған декрет шығарылады. Мұнда Кеңестік Қызыл Крест Халықаралық Қызыл Крестің мүшесі ретінде Қызыл Крестің Ресейлік қоғамының жұмысын жалғастыратыны және Кеңестік Қызыл Крестің атқарар міндеттері белгіленеді.
  • 20 қараша 1918 жылы Мәскеуде РКФСР Қызыл Крест қоғамының жиналысында оның уставымен орталық комитеті сайланады.
  • 1919 жылы РКФСР Қызыл Крест қоғамының ОК-і Халықаралық Қызыл Крестің комитетінен Кеңестік Қызы Кресті ұлттық қоғам ретінде құпталуы туралы келіссөз жүргізеді.
  • 1921 жылы 15 қазанда Халықаралық Қызыл Крестің комитеті Кеңестік Қызыл Кресті ұлттық қоғам ретінде және оны Халықаралық Қызыл Крестің толық құқықты мүшесі деп мәлімдейді.
МіндеттеріӨңдеу
  • 19181920 жылдары Кеңестік Қызыл Крестің алдында екі міндет тұрды:
  • 1921 жылы Поволжьеде ашаршылық болған кезде РКФСР-ның, Беларуссияның және Украинаның Қызыл Крест қоғамдары көп мөлшерде дәрігерлік- тамақтандыру және санитарлық-эпидемиологиляқ отрядттар жіберген. Ол пункіттерден күніне 100 мыңнан астам адам тамақтанған.
  • 1923 жылдың ортасында РКФСР және Украина Қызыл Крест қоғамдарынан басқа, Беларуссиялық, Грузиялық, Армениялық және Әзірбайжандық Қызыл Жарты Ай қоғамы құрылады. Осы кезеңде бұл қоғамдардың мүшелерінің саны КСРО-да 106 мыңға жетеді.

КСРО-да халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі

КСРО-да халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде Кеңестік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының міндеттері туберкулез, соз аурулары, малерия, трахома ауруларымен күресте денсаулық ұйымдарына барынша көмектесу болды:

    • Қызы Крест өз күштерімен және қаражатымен РКФСР және Украина ССР-ның селолық аудандарында туберкулез және соз ауруларына арналған диспансерлер ашып, отрядтар құрады;
    • Орта және Төменг Волга ауднадарында, Қазақстанда, Тәжікстанда, Армян ССР-да малерияның алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізеді;
    • Қызыл Крест отрядының басым бөлігі трахома ауруымен күресуге Чувашия, Якутия, Солтүстік Кавказ және Сібіргежіберіледі;
    • Сахалин, Камчатка, Тундраға жіберілген Қызыл Крест отрядының құрамында зерттеушілер де болыл медициналық көмекпен қатар зерттеу жұмыстарын да жүргізеді.
  • 19241925 жылдары Ресейлік Қызыл Крест қоғамы ОК-нің председателі З.П.Соловьевтың ұсынысымен қоғамда және оның жергілікті комитетерінде арнаулы «Служба здоровья юных пионеров» қызметі құрылады.
  • 1925 жылы З.П.Соловьевтың тікелей басшылығымен Қызыл Крест қоғамының қаражатына Қрымның оңтүстік жағалауы Гурзуфа санаторий жанынан пионерлергеарналған «Артек» сауықтыру орнын ұйымдастырылады.
  • Барлық Кеңестік одақтас республикалардағы Қызыл Крест комитеттері өз қаражаттарына балалар туберкулез диспансерлерін, оқушыларға арналған лагерь-санатории, сонымен қатар маусымдық және тұрақты балабақшалар ашып, оларға қызмет көрсетті.
  • 1925 жылдың басында Ресейлік, Украиналық (1918ж. құрылған), Белорусстік (1921ж. құрылған), Грузиндік (1923 ж. құрылған) Қызыл Крест қоғамдарының, Өзбекстан және Әзірбайжан (1921 ж. құрылған) Қызыл Жарты Ай қоғамдарының қызметтері кеңінен өріс алады. КСРО-да бұл қоғамдардың мүшелерінің саны 400 мыңға жетеді.
  • 1925 жылы 1 қыркүйекте КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Қызыл Крест қоғамдарының Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдары туралы Ереже бекітіледі. Осы Ережеге байланысты 1925 жылы Қызыл Крест қоғамдарының Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының құрамына Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Грузиндік Қызыл Крест қоғамдарыы, Әзірбайжан және Өзбекстан Қызыл Жарты Ай қоғамдары енеді.
  • 19261927 жылдары халықаралық жағдайдың шиеленісуі және КСРО-на соғыс қатерінің туындауына байланысты КСРО Қызыл Крест қоғамдарының Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықты әскери-санитарлық дайындау және елдің санитарлық қорғанысын нығайту жұмыстарын өздеріне алып, «Қызыл медбике курсын», «Соғыс уақытындағы медбикелер курсын» ашады. 1927 жылы осы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде РКФСР-ның өзінде ғана 70 мыңға жуық адам алғашқы көмек үйірмесінде, ал 1929 жылы 400-ден астам санитарлық-дружиналар Қызыл Крест пен Қызы Жарты Ай қоғамдарының барлық іс-шараларында белсенді түрде қатысты.
  • 1930 жылы Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдарына Түркіменстан және Тәжікстан Қызыл Жарты Ай қоғамдары қосылып, көбейіп, оның мүшелерінің саны КСРО-да 1 740000-ға жетеді.
  • 1934 жылы 17 ақпанда КСРО ООК-і Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының жаңа Уставы бекітіліп, қосымша тапсырмалар белгіленді:
    • КСРО-ның санитарлық отан қорғау қабілетін нығайту;
    • еңбекшілердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту;
    • соғыс қимылдарынан және сұрапыл апаттан жапа шеккендерге көмек көрсету.
  • 1934 жылы Қызыл Крестің 15-ші Халықаралық конференциясында Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Қызыл Крест қоғамдарының Лигасына енеді.
  • 1936 жылы Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамының құрамына ҚазССР-і мен Қырғызстан кіреді.
  • 19391940 жылдары 19341938 жылдарға қарағанда екі есе көп медбикелер дайындалады.
  • 1940 жылы Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамының құрамына Эстония, Латвия, Литва, Карело-Финдік және Молдавия Кеңестік Социалистік Республикалары кіреді.
  • 1941 жылы 22 ақпанда Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамының жаңа Уставы бекітіліп, онда оларға КСРО-ның санитарлық қорғанысын нығайту ісіне және соғыс қимылдары және табиғат апатынан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін еңбекшілерді кең түрде тарту міндеті жүктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *