ЮНКТАД

ЮНКТАД(UNCTAD – Unіted Natіons Conference on Trade and Development – Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы) – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының халықаралық сауда ұйымы болып табылмайтын органы. 1964 ж. құрылған‚ оған 168 ел мүше. Негізгі міндеттері: халықараралық сауданы‚ мемлекеттер арасындағы тең құқықты [1] өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу‚ халықараралық экономикалық қатынастардың жұмыс істеуі жөнінде жан-жақты ұсыныстар әзірлеу‚ т.б. Жұмыстың топтық әдісі бойынша мүше мемлекеттер әлеумметтік-экономикалық және географиялық қағидаттар бойынша төрт топқа бөлінген. ЮНКТАД шешімдері қарарлар немесе мәлімдемелер нысанында қабылданады және ұсыныс сипатында болады. Бұл ұйымның қамқорлығымен көп тарапты келісімдер мен конвенциялар әзірленеді‚ оның жұмысына бірқатар халықаралық ұйымдар қатысады. Жоғары органы – Сауда және даму жөніндегі Конференция мен Кеңес‚ оның шеңберінде алты комитет жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *