Халықаралық экономикалық кауіпсіздік (ХЭҚ)— жан-жақты халықаралық қауіпсіздік жүйесінің қағидаттық экономикалық негізі. Мақсаты: сыртқы саяси қарама-қайшылықтың алдын алу және оны бәсеңдету, дағдарысты жағдайды болдырмау, экономиканың әр-түрлі салаларындағы жан-жақты жемісті ынтымақтастық. Халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің орнатылуын, халықаралық экономикалық ұйымдардағы тең құқылықты, халықаралық практикадан кемсітушіліктің барлық нысандарын аластауды, тосқауылдау мен ықпал-шаралар саясатынан бас тартуды, сыртқы-экономикалық айырбастың баламасыздығын болдырмауды; сыртқы берешек мәселелерін әділ реттеу жолдарын бірлесіп іздеуді; ғалами көкейтесті мәселелерді шешуге, онын ішінде қарусыздануға, ғарышты, дүние жүзілік мұхитты зерттеуге адамзаттың күш-жігерін біріктіруді, т. б. көздейді.