АМАНТОҒАЙ — Қостанай обл-ның Амангелді ауд-ндағы ауыл. Ауд. орталығы — Амангелді а-нан солт.-шығысқа қарай 40 км жерде, Торғай өз-нің оң жақ Қарынсалды саласы құяр тұсы жағасында, шөлейт белдемде, Қостанай — Амантоғай автомоб. жолының Арқалык — Амангелді — Торғай автомоб. жолымен түйіскен тұсында орналасқан. Тұрғыны 1,0 мыңнан астам адам (1997). 1960ж-ға дейін ұжымдық ш., 1996 ж-ға дейін өзі аттас астық кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, дәрігерлік пункт, клуб бар.