АМАНТАЕВ Бәкет Амантайұлы (3.1.1929, Ақмола обл. Атбасар ауд. 15-а.) — ғалым. Философия ғыл. докт (1970), проф. (1972), ҚР ҒА корр. мүшесі (1972). Алматы Мемл. заң ин-тын бітірген (1949). Қазақ мемл. қыздар пед. ин- тында, Қазақ мемл. Абай атынд. пед. ин-тында сабақ берген. 1959 жылдан Қазақстан ҒА Филос. және құқық ин-тының аға ғыл. қызметкері, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
А-тың негізгі еңбектері казақ шаруаларының әр түрлі кезеңдердегі қоғамдық-саяси белсенділігі, рухани жетілуі, филос. сыны, нарықтық экон-ға көшудің этнопсихол. аспектілері мәселелеріне арналған. Әсіресе, қазақ еңбекшілері сана-сезімінің жаңа заман өзгерістеріне сәйкес даму, қалыптасу. кезеңдері және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы зерттеулері филос. ғылымына қосылған елеулі дүниелер катарынан саналады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.