Демифологизация — гуманитарлық ғылымда ғылыми зерттеулерді мифологиялық танымнан арылту әдісі ретінде танылады. Демифологизация қазіргі кезде тарих, философия, дінтану және мәдениеттану ғылымдарында қолданылады. Демифологизация терминін ғылыми айналымға XX ғ. 40 жж. неміс философы әрі теологы Р. Бультман енгізді. Демифологизация христиан діні, оның қасиетті кітаптардағы жазбалардағы қайшылықтарды айқындау, түсіндіру қажеттілігінен туындаған термин.