Нибелунгтар туралы жыр – неміс халқының батырлық эпосы. 1200 ж. ш. жазылып, 1757 ж. кітап болып жарық көрген. 16 жырдан тұратын нибелунгтер циклінде мазмұн тұтастығы байқалмайды. Бөлек-бөлек жыр үлгілерінде Зигфрид атты батыр мен оның әйелі Кримхильданың мифологиялық образдары, трагедиялық сюжет пен сиқырға негізделген мотивтер қамтылған. Ғұндар мен бургундар (нибелунгтер) арасындағы соғыс тарихы, оларды ғұндардың талқандауы (436 ж.ш.), рыцарьлық өмірдің көріністері бейнеленген. Зерттеушілер бұл қаһармандық эпосты “Аттила” дастанының негізінде қыпшақ ақындары жазған деген болжам айтады. “Ниьелнугтар туралы жырдың” мифологиялық концепциясы негізінде неміс композиторы Р.Вагнер “Нибелунг жүзігі” (1854 – 74) аталатын опералық тетралогиясын жазған.