Мұсылмандық шарты

Мұсылмандық шарты»Шәкәрімнің еңбегі. 1911 ж. Орынборда басылып шыққан.

Шәкэрім Ислам дінінің басты қағидаларын, иман, ғибадаттарын қазақ тілінде халыққа түсінікті қылып жазып тығулы мысал еткен. Ең әуелі иман шарттарына тоқталған. Аллаһ Тағаланың барлығына ақылмен ойлап иман келтіруге ерекше мән береді. Өз пікірін Құраннан, ғұламалардың пікірінен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Адам кәлима айтқанмен, мағынасын түсінбесе, иманға есеп емес екенін ескертеді. Иман шарттарының ішінде Аллаһқа, оның бірлігіне, Пайғамбарларына, періштелерге, Аллаһ Тағаланың Пайғамбарларға жіберген кітаптарына, ақирет күніне, жақсылық, жамандықтың бір Аллаһтан екеніне және қияметте қайта тірілуге иман келтірудің әр-қайсысына жеке-жеке тоқталады. Оларды Құраннан аяттарды қазақ тіліне аударып бере отырып түсіндіреді. Ақиқат туралы білмеген болса сұрап білудің қажеттігін айтады. Аллаһтың жоқтан бар қылу сипатын сөз еткенде, оған адамның ақылы жете бермейтініне назар аудартады. Бар нәрседен бар қылу адам кодынан да келетініне мысал келтіреді. Ажал туралы, қабырдағы жауап алу туралы да айтып өтеді. Кәпір болуға себепкер күнәһарлықтан тыйылуды ескертеді. «Адам өзін таныса, құдайды да танымақ» деп арнайы тоқталып, өзін-өзі танудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ, адам хақы, хайуан хақына қатысты, адамның жақсы, жаман мінездері, күнә, тәубә, ниет, т.б. істер жөніндегі шариғат үкімдерін жіктеп береді. Ислам дініндегі парыз, уәжіп, сүннет, мүстәни, мүбах, харам, мәкрүһ, мәфсад сияқты істерге түсінік береді. Намаз, ораза, зекет, қажы сияқты ғибадат түрлерінің әрқайсысын жеке-жеке таратып түсіндіреді. Дәретке, намазға қатысты парыз, сүннет, мүстахап болған және тыйым салынған амалдарды айтады. Күнделікті тұрмыста кезігетін мал сою, неке қию, қарыз беру, жерге, суға иелік жасау, аманат, ақы алу, т.б. жағдайларға байланысты шариғат үкімдерін таратып жазған. Әсіресе неке және адам құны жайлы мәселеге кеңірек тоқгалған. Өйткені жесір дауы, құн дауы қазақ ішінде жиі кездесіп елдің берекесін алған. Әмеңгерлік жолымен алғанда, ықтиярсыз зорлықпен алуға болмайтынын Құран аяғын келтіре отырып көрсеткен. Құранда төрт әйел алуға рұқсат бергенін, бірақ әйелдерді әділдікпен ұстау туралы бұйырылғанын аятпен дәлелдейді. Бұл мәселедегі өз пікірін де айтып кетеді: «Әлбетте біздің қазақта екі катынға ғаділет аз. Сол себелен қазақ тысырсыз екі қатын алмаса жарайды». Шәкәрім еңбекте Ислам дінін әр мұсылман білуге тиісті қағида, ережелерін қарапайым халыққа түсінікті тілде шариғатқа сай жазған. «Мұсылмандық шарты» — 1993 жылы Алматыда «Қазақстан» баспасында қайта жарық көрді. Баспаға дайындау және жауапты редакторлары: филология ғылымының докторы М.Мырзахметов, М.Қазбеков. Профессор М.Мырзахметов кіріспе мақала жазып, еңбектің ғылыми құндылығын, тарихи маңызын атап көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *