Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады.
Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алгаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б VI гасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ӀӀ-шінің, одан соң б.з Ӏ-ӀӀ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаган. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар|діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.
Диаспоралардың бес түрі анықталган, олар мына жағдайлардың нәтижесінде қалыптасады:
туған жерінде қудалауға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан туған мәжбүрлік (еврей, армян, ирланд, ресей, қазақ, т.б.);
отарлық көші-қон салдары (британ, неміс, португал, испан, орыс);
еңбек миграциясы (қытай, итальян, үнді және т.б.);
кәсіби (бизнес, сауда), миграция (жапон, қытай, ливия және т.б.);
«мәдени» миграция (латынамерикандық, үнділік, қытай).
Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр.