Доссор мұнай кен орны

Доссор мұнай кені 1860 –1987 жылы орыс геологтары Н.А.Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылы сәуір айынын 29-шы жұлдызында 250 м тереңдіктен юра қабатынан мұнай фантаны атқылаған. 1911–17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 –1940) тұз күмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944–45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай]кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 –1982 жылдары ғана нақтыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *