Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Мектеп:
|
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 8 Сабақ |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: 1 |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сөз діңгегі |
||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.5.1 — пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру. |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||||||||||||||||||||||||||
Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиды; Мәтіннің құрылымын сақтай отырып, жоспар құрады; Мәтіндегі ақпаратты анықтай отырып, диалог құрады; •Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда мәтіндегі сөздердің қолданысын түсіндіреді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Мәтіндегі сөздердің мағынасын ажыратады, салыстырады; Мәтін бойынша топта тапсырманы талқылайды, тексереді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
|||||||||||||||||||||||||||||
· Өз ойын ұсынады, дәлелдейді және бағалайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Ø Мәтін құрылымын сақтайды; Ø Құрылымына сәйкес жоспар құрады; Ø Мәтіндегі сөздерді орынды қолданады; Ø Мәтіндегі сөздердің тиімді қолдануын түсіндіреді.
|
||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, мәтіндегі сөздерді атайды, жазады, орынды қолданады; Әр жағдайда амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құрайды;
|
||||||||||||||||||||||||||||
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Синонимдер мен антонимдерді табады, ажыратады. Мысалы: үлкен — …. таныс — …… Амандасу сәлемдесу, …… — |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
|||||||||||||||||||||||||||||
«Меніңше …» |
|||||||||||||||||||||||||||||
«Бұл рас …» |
|||||||||||||||||||||||||||||
«Себебі …» |
|||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, сыпайылық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру. |
||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану
|
||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу
|
Қарым-қатынас әдебі |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 мин |
1мин 2 мин
3 мин
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды шеңберге тұрғызамын және аталған сәлемдесу түрлерін қайталамай кезекпен амандасуды ұсынамын; Ширату жаттығулары: «Шеңберге жиналу уақыты» әдісі Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген тірек сөздерді пайдаланып, шеңбер бойымен оқушылар ойды жалғастырады: Тіл туралы мақал-мәтелдер және қанатты сөздер айту керек Тірек сөздер: «Меніңше …» «Бұл рас …» «Себебі …»
Оқушыларды ретімен санақталуын сұрап, топтаймын.
|
АКТ слайд №1
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 мин |
3 мин
2 мин
2 мин
5 мин
5 мин
|
Кіріспе: СЖ. «Әр халықтың cәлемдесу дәстүрі туралы» бейнематериал ұсынамын. Сұрақ қоямын: Көрсетілген бейнематериал бойынша өткен сабақ пен бүгінгі сабақ арасында қандай байланыс бар?
Бүгінгі сабағымыздың мақсатын және бағалау критерийлерін атап көрсетемін.
Тапсырма №1 СЖ.Оқушыларды мұқият тыңдауға шақырып, мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұрасамыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б. сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық,стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс – бейтанысқа, ресми жағдайда да қолдана беретінін байқасақ, ал «Ассалаумағалейкүм»деп амандасуды ауылдағы кей жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады. Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады. (Рабиға Сыздық)
Тапсырма №2. Т. «Пазл» әдісі. Топта уақыт сақшысын және бақылаушыны белгілеп беремін. Әр топ әңгіме желісі бойынша мәтіннен негізгі 4 сөйлемін және одан негізгі тіркестерді тауып жазады.
Мәтінді бірнеше қима қағаздарға бөліп, топтарға таратамын. Оқушылар өз жоспарларына сәйкес мәтінді құрайды. Оқиды. Түпнұсқамен танысып, жасаған жоспарларының сәйкестігін тексереді (5.Ж1)
Кері байланыс: Топ бақылаушысы бұл тапсырманы орындау кезіндегі топтың жұмысына кестеге сәйкес шартты белгілермен баға береді.
Тапсырма № 3 ТЖ кестемен жұмыс 1. Берілген сөздерді сәйкестендір.
2. Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастыр.
Әдемі, жылдам, көрікті, белгілі, сұлу, лезде, атақты, тез, әйгілі.
Кері байланыс: Топтар «бумеранг» тәртібімен бір-бірінің жұмысын тексереді. Көңіл-күй смайликтерімен бағаланады. Сергіту. «Сөзсіз сәлем». Бұл ойында оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрады, шеңберлер сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналып жүреді. Жүргізуші айтқан сөздерге ілесіп, қимыл-қозғалыс арқылы жылдам амандасулары қажет. Мысалы: «Қол …, », «Бас …» Бұл ойыннан кейін оқушылардан ойынның түйінін, амандасу рәсімінде сөз арқылы ма, әлде қимыл-қозғалыстарды пайдаланған жөн бе?
Тапсырма №4 ЖЖ. Оқушылар жұп болып, амандасу сөздерін, амандасу түрлерін қандай жағдайда қолданатынын атап, синонимдер мен антонимдерді қатыстырып, диалог құрып, рөлге кіріп көрсетеді.
А) ерлер арасында амандасу; Ә) әйелдер арасында амандасу; Б) қыздар мен ұлдардың амандасу салты; В) үлкен мен кішінің арасындағы амандасу әдебі
Кері байланыс: Тыңдалым мәтіні және құрған диалогтарың бойынша мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдану дегенді қалай түсіндіңдер? Бір сөйлеммен тұжырымдап, жазып көр! Жұбыңа түсіндір! Дәлелде. (ЖАДА әдісі) |
АКТ http://tankaz.kz
Электронды оқулық
Сағат, қима қағаздар, байланыс парағы.
АКТ Слайд № 3 Смайликтер
АКТ Слайд №4 Үлестірме парақшалар
Аудиоқұрал |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
3 мин
2 мин
|
Рефлексия: «Шығу парағы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер. 1. Бүгін не үйрендіңдер? 2. Сабақ бойынша қандай сұрақтар бар? 3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?
Үйге тапсырма: 1. Тыңдалым мәтініндегі антоним, синонимдерді тап, мысал келтіре отырып, 5 сөйлем жаз. 2. Сәлемдесу, антоним, синоним сөздерін қатыстырып, монолог құра.
|
Стикерлер
|
||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||||||||||||||||||||||
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. 2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту. |
1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара Бірін бірі тескеру, бағалау бойынша жетістіктерін айқындау. 3. Кері байланыс (ауызша) 4. Дайын үлгі жауап 5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану 5. Семантикалық карталар (жазбаша) |
Сергіту жаттығуы қимылмен көрсету: —қолмен амандасу; -бас түйістіріп амандасу; -төс қағыстыру; — т.б. Қауіпсіздік техникасы ережелері —
|
|||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|||||||||||||||||||||||||||||