Наурыз жырлары

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы

Наурыз жырлары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.3.1 — прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.5.2.1 — жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Әңгіменің композициялық құрылымын анықтайды.

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Себеп –салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

Әңгіменің мазмұнын түсінеді.

Әңгіменің композициялық құрылымын анықтай алады.

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік бағасын бере алады.

Дескрипторлар

1.Әңгіменің басталуы..

 2. Әңгіменің байланысы …

 3. Әңгіменің дамуы …

 4. Әңгіменің шиеленісуі …  

 5. Әңгіменің шарықтау шегі …

 6. Әңгіменің шешімі …

Құндылықтар

Наурыз мерекесінің ұлттық ерекшелігін таныту.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

АКТ дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктері

Осыған дейін меңгерілген білім

Наурыз мейрамы

Тілдік міндеттер

Ұлыстың Ұлы күні, Жаңа күн, ренішті ұмыту, жақсылық тілеу, күн мен түн теңеледі.

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылар ортаға шығып, «Қарлы кесек» ойыны арқылы Наурыз мейрамына қатысты сөздерді айтып шығады. (бір оқушы айтқан сөзді екінші оқушы қайталап, өзі бір сөз қосып айтады)

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

30 мин

 

Тапсырма.

Жалғаулық шылауларды тиісті орнына қойып, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар. (Мұғалім құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін түсіндіреді)

Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады, …. бұл күні күн мен түн теңеледі.

Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі, …. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.

Наурызды “Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды, … мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген.

(сондықтан, себебі, өйткені)

Ф.Оқушылар тақтадан дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі тексереді.

Тапсырма:

Оқушыларға С.Сейілғазинованың «Қош келдің, Наурыз!» әңгімесін оқу ұсынылады.

 

 

Қош келдің, Наурыз!

Таң атты. Ертеңгі күн сәулесі еркелетіп, Алтынайдың ұйқыдан тұрмасына қоймады. Жып-жылы күншуағы кішкене қыздың мұрнын қытықтап, балабақшаға барар уақыттың болғанын аңдатқандай болды.

Осы кезде бөлмеге анасы кіріп, аялы алақанымен қызының маңдайынан сипап, бетінен сүйді:

-Қошақаным, тұра ғой. Жыл басы- Наурызың құтты болсын!

Алтынай анасының арнайы келіп оятқанын жақсы көретін. Ұйқыдан көзін ашқан кезде алдында ең жақын адамы тұрса – ол өзін өте қуанышты сезінетін. Содан да болар, ешқашан жылап, анасын орынсыз мазалаған емес. Сондай-ақ, кішкентай қызға анасының «Қошақаным, қозым, күнім, ботақаным!»- деп еркелеткені де ерекше ұнайды.

            Алтынай  көзін ашып, сүйікті анасының мойнынан құшақтап, жұп-жұмсақ бетінен сүйді:

            -Маматай, мен сені өте жақсы көремін!

Ол тұра салып,төсегінің  жанындағы орындық басына ілініп тұрған әдемі қып-қызыл көйлекті көзі шалды.

            -Анашым! Мына көйлек менікі ме?

            -Иә қызым! Жаңа көйлекті киіп, жаңа шыққан күндей жарқырап тұр,алтыным ! Бұл менің саған Наурызға берген сыйлығым болсын! Жыл басында адамдар ең жақындарына осылайша сыйлықтар жасайды.

            Алтынайдың  да осы сәтте өз сыйлығы есіне түсе кетті. Бірақ айтпады.Өйткені ол анасына қызғалдақтың суретін салған құттықтау қағазын басқа балалармен  балабақшадағы ертеңгілікте беруі керек. Әзірше құпия.

            Қызы киініп жатқанда, анасы:

            -Қызым, қызыл қызғалдағы бар көйлекті әдейі таңдадым, бұл гүл-көктемнің, Наурыз мерекесінің белгісі!-деді.

            Расында да, көктемде жер беті құлпырып,жап-жасыл желектері бар қызыл, сары,көк түсті жаңа киім кигендей болады.Құстар  да жылы жақтан ұшып келіп, табиғат аясын таңғажайып әнге бөлейді.

            Міне, сондықтан, Наурызды табиғаттың оянған, жыл басының басталған кезі деп атайды, Наурыз мерекесін халық болып тойлайды.

                                                                                 

Оқушылар топта әңгімені талдап, композициялық құрылымын анықтайды.

 

 1. Әңгіменің басталуы..

 2. Әңгіменің байланысы …

 3. Әңгіменің дамуы …

 4. Әңгіменің шиеленісуі …  

 5. Әңгіменің шарықтау шегі …

 6. Әңгіменің шешімі …

Ф.Топтардың бір-біріне кері байланысы.

Тапсырма:

 Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Кестені толтыру арқылы  кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Менің бағам

Алтынай

 

 

Анасы

 

 

Ф. Жұптар бірін-бірі тыңдап, пікір алмасады.

 

Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С.Сейілғазинова «Қош келдің, Наурыз!»

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

Кері байланыс

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Үйге тапсырма: Наурыз туралы өлеңдер жаттау.

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

           

 

Пәнаралық  байланыс – әдебиет

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *