САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
Бөлім атауы |
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері.
|
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Наурыздағы қазақы ырым-тыйымдар |
||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.1.4.1 — орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау; |
||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы істей алады:мәтіннің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көбі істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен идеясын анықтайды Кейбір оқушылар істей алады:мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен идеясын анықтап, дәлелдер келтіреді |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
· Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау |
||||||||||||||||||
Дескрипторлар |
· Мәтіннің мазмұнын түсінеді · Сұраққа жауап береді · Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады, дәлелдейді · Өз ойын мәтіндегі ақпараттармен дәлелдейді |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Лексикалық минимум:Тілеу, қазына, құт, ошақ, сарқылу, жала, шағылу, ырым, қылық Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, меніңше, қорытындылай келе, |
||||||||||||||||||
Құндылықтар |
Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. |
||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
тарих |
||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
— |
||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 мин |
Қызығушылықты ояту кезеңі. Суреттердің бөлігі арқылы сабақтың тақырыын анықтаңыз. Оқу мақсаттарымен танысады. |
Слайд 1,2,3 |
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 мин
7 мин
4 мин дайындық
6 мин (әр топ 3 мин сөйлейді)
1+1 мин
2 мин дайындық 7 мин
|
Тыңдалым алды тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Тілеу – Қазына – Құт – Ошақ – Сарқылу – Жала – Шағылу – Ырым – Қылық – Саналы өмір –
Сұрақтар — Балалар, Наурыз мерекесінде орындалатын қандай ырым-тыйымдарды білесіңдер? — Қазақ халқының отбасына деген қарым-қатынасы қандай?
Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақ халқы Науыз күні тілеу көжені қазаннан басқа ыдысқа жасамайды. Себебі жеті қазынаның бірі қара қазан үйдің құтын сақтайды деп біледі. Наурыз күні ерлер бірінші болып ошаққа от тамызбайды. Ошаққа от тамызса, әйелім өледі деп ырымдайды, несібем сарқылады деп сенеді. Қазан түбі құрғап қалуы ғажап емес деп ұйғарады. Сол күні әйелдеріне от жағудан басқа түгел істеріне көмектеседі. Мұның бір жағы ортамызға от түспесін дегені. Қазақта «Қазанның қарасынан сақта, қатынның жаласынан сақта» деген тәмсіл сөз бар. Ерлер қазан ошақ жаққа ебедейсіздеу болады. Жыл басында ыдыс-аяқ шалдырлап, абайсызда шағылып қалса, үйде реніш болуы мүмкін деп ырым етеді. Енді бір жағынан әйелдің тұтынып жүрген нәрселерін қорғаны, әйелге болған құрмет-сыйы болып табылады. Қазақта осыны дәлелдейтін мынадай сөздер бар:
Ұлыс күні қазан толса, Сол жылы ақ мол болар. Сонда олжалы жол болар, Ошақтың отын әйел тамызса. Шаңырағына құт қонар. Әйел – үйдің құты, Ер – түздің құты, Қыз – үй құты. Түз тамақ құты. Әйелі бар үй құт, Әйелі жоқ үй жұт. Әйел асқан қазанға Ердің жармасатын несі бар. Дәмді піскен асына Ердің айтар несі бар. Әйелін қорлаған ердің Өзінің де жолы тар. Несібеден тарығар, Тіршілігі болар қар.
Міне, осы сөздер әйел мен ердің орнын, жұмыс жігін ажыратып көрсетеді. Әсіресе әйелді құрметтеу, әйелдің жақсы ісін мадақтау, жақсы қылығын қолпаштау барлық қазақ азаматтарының тек Наурыз күні ғана емес, бүкіл ғұмырындағы саналы өмірінің мәнді мәйегі болмақ.
Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Тілеу көжені қандай ыдысқа жасайды? (қазан) 2. Қазанға байланысты қандай ырым бар? (үйдің құтын сақтайды) 3. Ер адамдар әйелдеріне қай жұмысты орындауға көмек көрсетпейді? (от жағу) 4. Ыдыс-аяқ шағылса не болады? (үйде реніш болады деп сенеді) 5. Бұл ырымдарды тек Наурыз мерекесінде ғана сақтайды ма? (бүкіл ғұмыр бойы)
2-тапсырма.
«F» бағалау
Айтылымнан кейінгі тапсырма.Оқушылар ПОПС формуласы арқылы сұраққа өз ойын жауап беріп айтады.
Бүгінгі таңда ырымдар мен тыйымдардың маңызы қандай? «Менің ойымша, …..» «Мен оны былай түсіндіремін, …» «Мен оны мынадай фактілермен дәлелдеймін…» «Мынадай қорытындыға келемін…»
«f» бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Мұғалімнің кері байланысы |
Слайд 4
|
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Рефлексия. Оқушылар стикерге сабаққа кері байланыс жазады. ü Бүгін сабақта не білдім? ü Не қиын болды? ü Бүгінгі алған білімімді қайда пайдалана аламын? ü Жұпта, топта кіммен жұмыс істеу қызықты болды? Неге? ü Өзім үшін қандай құнды мәлімет алдым?
Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау
|
Слайд 5 |
|||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||||||
Оқушылардың барлығы істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын айту барысында қарапайым идеяларды айтады Оқушылардың көбі істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын айту барысында жақсы идеяларды ұсынып дәлелдейді Кейбір оқушылар істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын айту барысында күрделі идеяларды ұсынып, өз тұжырымдарын ұтымды дәлелдей алады |
Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. |
Пәнаралық байланыс – тарих |
|||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||||||||||||||