Наурыз — Ұлыстың ұлы күні

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

 

Сабақтың тақырыбы

Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.5.1 — тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:тыңдалым мәтінінің негізгі идеясын анықтай алады, жаңа сөздердің мағынасын терминдер сөздігінен табады.

Көптеген оқушылар: Өлеңде айтылмаған дәстүрлерді қосып, екі жақты күнделікті толтырады.

Кейбір оқушылар:Өлеңдегі автор көзқарасын анықтап, айтып бере алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым мәтінінен тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтай алады;

Дескрипторлар

Кілтті сөздердің мағынасын анықтайды;

Автор көзқарасын анықтай алады;

Екі жақты күнделікті толтырады;

Өлеңнің негізгі идеясын анықтайды.

Тілдік міндеттер

Пір, жыл басы, ұлыс, елі іші, сою, береке, ұйқыашар, Қызырбаба, Самарқанның көк тасы, тілеу көже, дәнекер  секілді кілтті сөздердің мағынасын тану.

Құндылықтар

Ашықтық.

Өзгелердің пікірін құрметтейді. Пікір алмасуда   өзара сыйластық танытады, құрмет көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Тарихи тұлғалар тағылымы

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығына назар аударады.

«Наурыз», «Ұлыс», «Дәстүр»  сөздеріне акроөлең құрастырады.

Болжамды жауап:

Н – нұрға толы мереке

А – ақ мол болсын!

У – уызға кенелген шақ

Р – Разы болған кәрі-жас

Ы-Ырыс, ынтымақ бастауы

З – Зерделі киімдер

Оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және дескрипторларман таныстыру

 

Тыңдалымалды тапсырма

Төменде берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып, оқыңыз. Топтық жұмыс

Пір, жыл басы, ұлыс, елі іші, сою, береке, ұйқыашар, Қызырбаба, Самарқанның көк тасы, тілеу көже, дәнекер

 

Тыңдалым тапсырмасы

Наурыз туралы өлеңді тыңдап, екі жақты күнделікті толтырыңыз. Жұптық  жұмыс.

Тыңдалым мәтіні (Мұғалім 2 рет оқиды)

 

О, балақай, балақай

Наурыз келді алақай

Наурыз  сұлу қыз екен

Жасыл көйлек киінген

Жан-жануарлар пір тұтып

Жаздай оған сүйінген

Жыл басында туған ай,

Наурыздай қыз екен

Түнде жарық ай екен,

Күндіз ұлыс күн екен.

Сол сұлудың құрметі,

Жеті дәнді көже екен.

Наурыздай сұлудың,

Жүрегі оттай жылы екен.

Наурыз сұлу келгенде

Елдің іші той екен.

Соятыны қой екен.

Наурыз сұлу сері екен

Келіп қалған мерекем,

Наурызда жарасар

Жақсылық пен берекем

 

Түні сұлу ай екен

Күні жарық күн екен.

Жиырма бірінші наурыз

Сұлудың туған күні екен.

Жастар түнде ұйықтамай

«Ұйқыашар» асын істеген

Наурыздың құрметі

Қызыр баба жер кезген.

Ел аралап ел кезген.

Самарқанның  көк тасы

Лебі тиіп иіген.

Қатқан мұздар еріген.

Күн менен түн теңелген.

Табиғаты өзі сыйлаған.

Қасиетті мерекең

«Тілеу көже» берекең

Тәтті дәмің дәнекер

Балдай тәтті бір шекер

Көзін ашсаң көк құттың

Май тамызсаң бұлақтың,

Жерге өндірсең ағаштың

Ашылғаны бағыңның.

 

Жұптық жұмыс

Мәтінмен жұмыс. 
Наурыз – ұлыстың ұлы күні. 
Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп, келе жатқан мейрамның бірі – наурыз күні. «Наурыз» деген сөз парсы сөзі. Парсының нау – жаңа, різ – күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленгегн. Бұл мезгіл күн мен түннің теңесетін, қардың еріп, көктем шыға бастайтын кезі. Осы күнде мал төлдеп, жұрттың аузы аққа тиген. Сондықтан наурыз күнін жаңа жылдың басы — «ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. 
Ә. Фердауси, Ә. Науаи, Махмұт Қашқари, Абай, Ахмет, Міржақып, Сәкен, Мұқағали сияқты ақын – жазушылар Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер жазған. 
Шығыс елдері наурызды бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі деген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. тойлаған. «Наурызда Самарқанның көк тасы жібиді» деген сөз бар. Наурыздіни мейрам емес, халық мейрамы, ұлттық мереке. Бұл күні жұрт жұмыс істемейді, ренжімейді. Барлық даланы Қыдыр ата аралайды. 
Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық той дегенді білдіреді. 
Наурыз тойына ғана тән мерекелік тағам – Наурыз көже. Ол әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылады. 
Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап бүкіл Республика жұртшылығы наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды. 
-Осы мәтін не туралы? 

Екі жақты күнделік

Наурыз мейрамына тән айрықша белгілер

Өлеңде айтылмаған, бірақ наурыз мейрамына қатысты дәстүрлер

 

 

 

 

Жұптар өзара бір-бірінің жұмысын  тексеріп, «2 жұлдыз, 1 тілекпен» бағалайды.

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Наурыз мейрамына автордың көзқарасы қандай?

Өлеңнің негізгі идеясын анықтаңыз.

Деңгейлік тапсырмалар 
III-деңгей 
Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрысын көрсету. 
— Наурыз – жаңа жыл басыю (дұрыс) 
— 1 қантарда Наурыз тойын тойлаған? (дұрыс емес) 
— Мал төлдеп, күн жлынған (дұрыс) 
— Жұрт бұл күні жұмыс істеген (дұрыс емес) 
— Наурыз көже айран мен сүттен жасалған (дұрыс) 
— Бұрын Наурыз тойланбаған. (дұрыс емес) 
— Наурыздың өзіндік тарихы бар. (дұрыс) 
II – деңгей 
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу. 
— Наурыз жыл басы күн мен … теңелген. (түн) 
— Бұл күнді барлық халық … қарсы алған. (қуанышпен) 
— Наурызда жақсы тіліктер айтылған, …, … шақырған. ( бірлікке, татулыққа) 
— Наурыз діни мейрамы емес, … мерекесі. (ұлттық) 
— Наурызнама — …дегенді білдіреді. (ойын-сауық той) 
— Наурыз тойына арналған … дайындаған. (наурыз көже) 
I – деңгей 
Сөздердің мағынасын ашу. 
— Ауыз аққа тиген. (Малдың төлдеуі, сүттің молдығы) 
— Ұлыстың ұлы күні (жаңа жылдың басы) 
— Самарқанның көк тасы жібиді. (бұл күні барлық халық мейірімді болады) 
— Қыдыр ата (әр үйге жақсылық әкелетін қасиетті адам) 
— Наурызнама (ойын-сауық тойы) 
— Наурыз көже (Наурызда жасалатын тағам) 
— Сыйлы (бағалы) 
— Жомарт (қолдары ашық адам) 
— Аяқсыз қалып (ескерілмей, ұмытып қалған) 
— Егеменді ел (тәуелсіз ел) 
3 Сурет бойынша сөйлем құрастырып, дәптерге жазу. 

Слайд 1,2

 

 

 

 

Бопайұлы Болат Жотақажы

«Қазақы наурызнама» жинағы

 

 

Слайд 3,4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудио оқылады

Сабақтың соңы

5мин

 

 

Наурыз ұғымын «551» әдісі бойынша  кілтті сөздерді қолдана отырып, тұжырымда.

5-5 сөйлем

5-5 кілтті сөз

1-1қорытынды сөйлем.

Үйге тапсырма:

Наурыз туралы 2 шумақ өлең жаттап келу

Слайд 5

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

«Екі жақты күнделік» толтыруда екінші бағанда оқушының сабақ аясынан тыс біліміне ерік берілген.

Өмірлік жағдаятпен байланыстыра отырып, наурыз  мерекесіне қатысты ұғымды кеңейтіп жазады.

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада автор көзқарасын анықтауға бағытталған жоғары деңгейлі сұрақ бар.

«551»  әдісінде, «Екі жақты күнделікте», сұрақтарға жауап беруде оқушылардың қаншалықты тыңдалым мәтінін түсінгендері әрі негізгі ойды анықтағандықтары аңғарылады.

Бағалау  оқушылардың бір-бірін дәне мұғалімнің бақылауы арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық  байланыс – тарих.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаты жүзеге асты. Уақыт жеткілікті. Бағалау жүзеге асты. Үй жұмысы мен сабақта игерілген материал арасында байланыс бар әрі оқушының білімін бекітуге негізделген.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.      Акроөлең құрастыру.

2.      «Екіжақты өлең» толтыру

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.      Тыңдалым мәтінінде оқылған дауысқа еліктеп оқушыны мәнерлілікке баулыса…

2.      Шығармашылық жұмыс ұсынса…

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *