Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Биоалуантүрлілік.Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
|
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП:8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
М.Әуезов. «Көксерек» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.3.6.1 — тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
· Нақты ақпараттарды анықтайды. · Перифраз түрінде берілген сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
· Перифраздарды қолданып, сұрақтар дайындайды. · |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
· Перифраз түрінде берілген сөздерді талдайды және мәтін бойынша түйінді ойларын айтады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Нақты ақпараттарды анықтайды. Перифраз түрінде берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі негізгі мәліметті анықтайды; Мәтіндерді салыстырады; Мәтіндегі оқиғаларға баға береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: мұғалімнің көмегімен оқушылар перифраз сұрақтар дайындайды және мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтау үшін топтық,жұптық,жеке жұмыстар атқарады. · |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Итаяқ,бұралқы төбет, көк шолақ қасқыр,аналық және аталық қасқыр, маңдай тер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
· Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know? · Has every learner’s choice been recorded? How can we check? · Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket? · Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жойылып бара жатқан қандай жануарларды білесіңдер? Жануарларға қатысты қандай шығармаларды білесіңдер? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығын сақтауға тәрбиелеу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Биология |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы осы тақырып туралы білетіндерін еске түсіріп жинақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі · Сәлемдесу; · Оқушылардың және сыныптың дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал туғызу «Аффирмациялар» тренингі Мақсаты: Оқушының өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.Мысалы : «Мен табысты оқушымын» , Менің қолымнан келеді»т.б. аффирмацияларды қолданады. Топқа бөлу.Оқушылар «Сиқырлы стикер» әдісі бойынша үш топқа бөлінеді. Стикер ішіне жасырылған түстер бойынша үш топқа бөлінеді.Бұл әдіс сабақты қорытындылау кезеңімен тығыз байланысты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек», сабақтың оқу мақсаты мен критерийлері оқушыларға түсіндіріледі. Алдыңғы оқу «Қағаздағы сұрақтар» · Қорғауға алынған қандай жануарларды білесіңдер? · Жануарларға байланысты қандай шығармалар білесіңдер? · «Көксерек» деген сөздің мағынасы қандай? · Қасқыр қандай аң? · «Қызыл кітап» не себепті қызыл?
Сұхбат алу. 1. Көксерек фильмін көрдің бе? 2. Қай жері сіздің есіңізде қалды? 3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз? Көксерек фильмінен үзінді көру. ü Тақырыбы бойынша видеоматериал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу) ü Тірек – сызба бойынша сөйлеу.
|
Стикерге жасырылған түсті қағаздар, сұрақтар жазылған кеспе қағаздар, сандықша
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы |
Жаңа сөздермен жұмыс «Үш жақты күнделік» толтыру
Оқылым.Бірлескен оқу.1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып,перифраз түрінде берілген сұрақтарға нақты ақпаратпен жауап беріңіз. (Топтық жұмыс.)
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын.
Дескриптор -мәтінді мұқият оқиды. -мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды. -перифраз түріндегі сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқылым алды тапсырмасы. ТЖ. «Адам», «Табиғат», «Қасқыр» сөздері жазылған парақтар беріледі. Оқушылар осы сөздер бойынша үш топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне түскен сөзге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазады (постер не кластер әзірлетуге болады). Әр топ өз жазбаларын бір-біріне береді, жұмыстар сағат тілімен айналып шығады, топтар сөздерді толықтыруларына болады. Жаңа сөздер болса бір-біріне түсіндіреді.
Оқылымтапсырмасы. 3-топқа М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен үзінділер беріледі. 1. Мәтінді оқып, мазмұнын топ ішінде талқылау. 2. Әр топ оқушылары келесі топқа ауыса отырып мәтіндерінің мазмұнымен таныстырады. Барлық оқушы ұсынылған мәтіндердіңмазмұнымен танысып шығу керек. 1-мәтін Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды. Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес.Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі. Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады. 2-мәтін Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. Бұның жауабы — езуін ғана ыржитады. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: «же» дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді. Күніне екі мезгіл тамақ ішу, мұның шарты болып алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп жататын. Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене берді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, сүйірленген бір бітімі бар. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Онда да жүгіріп келмей, қүйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. 3-мәтін Қатты аяздан тұмсығының ұшы, езуі ашып, шыдатпай тоңа бастады. Табанына өткен ызғар да аяқтарын қарып, қатырып барады. Қайта жортып адырға шықты. Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап аузын ашып ышқынғанда, ішінен зор дауыс шыкты. Күтпеген дауыс. Көксеректің ең әуелгі ұлығаны осы еді. Қарлы елсіз адырды басына көтеріп дауыс салды. Тынбай, ұзақ-ұзақ уақыт ұлыды. Мұның даусы шыққан сайын, сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі. Көксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды… Көксеректің даусын естіп, маңайда жүрген қаншық қасқыр мұны іздеп келеді екен. Екеуі екі беттен бірін-бірі көрісімен — қарсы ұмтылысты. Етпеттеп біріне-бірі жақын келгенде «ырр», «ырр» етісіп, тістерін тигізіспей қағысып өтісті. Ашқарақ азулары сақ-сақ етті. Көксерек гүрілдеңкіреп, маңына көп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып түсіп, жылдам оралып, ашу шақырғысы келіп еді. Ақ қасқыр айнала қыңсылап бұның ізін иіскеледі. Аздан соң құйрық жағынан бір иіскеп, сирағын жалап өтті. Екеуін иістері табыстырды. Көксерек те айнала иіскеді. Бір-бір рет жақтарын жаласты. Көсіліп алып сайға қарай салды. Екеуі де енді ширақ, қатты жортады. Қора жанындағы дүңкиген сары жотаны құлдап тарта бергенде, қалың жүнді барқылдақ қара ала төбет сондарына түсті. Бұл Көксеректің жаз бойы ырылдасып өскен ала төбеті болатын. Қасқырлар бой салып қашқан жоқ. Ақ қасқырды алдына салып, Көксерек арт жағына онды-солды жалт-жалт қарап, ойға, тасаға таман түсті. Мәтін бойынша тапсырмалар: 1-тапсырма. Мәтіндердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табыңыздар.
2-тапсырма. А) Үзіндіге тақырып қойыңыз. Ә)Мәтінде қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз не мағынасы жақын сөздерді табыңыз. Б) Мәтінде ерекше жазумен берілген сөйлем бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз Дескрипторлар: Ø Мәтіндердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табады; Ø Үзіндіге тақырып қояды; Ø Сөздердің мағынасын түсінеді; Ø Өз пікірін білдіреді. Бағалау: Оқушылар тапсырма дескрипторы бойынша өз жұмыстарын бағалайды.
2 –тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтіннен перифраз түрінде берілген сөйлемдерді анықтап, екі сұрақ құрастырыңыз. Қасқыр — еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығы – қасқырлардың басты ерекшелігі. Аналық қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады. Бұл жыртқыш аң бостандықты қалайды. Қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыра береді. Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қояды. Дескриптор — мәтінді түсініп оқиды — перифраз түрінде берілген сөйлемдерді анықтайды. — екі сұрақ құрастырады
-cұрақтарға жауап береді.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша жеке және жұптасып сұрақтар құрастырады.
3-тапсырма. Жеке жұмыс. Мәтіннен перифраз сөздерді тауып, графикалық органайзер бойынша анықтама беріңіз.Мәтін бойынша түйінді ойыңызды айтыңыз. «Сөздер тұжырымдамалық картасы» «Төрт сөйлем» әдісі бойынша түйінді ойларын айтады. Пікір.Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен айтыңыз не жазыңыз. Дәлел.Пікіріңізді бір сөйлеммен айтыңыз. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып мысал келтіріңіз. Қорытынды.Мәтін бойынша қорытынды шығарыңыз. Дескриптор -перифраз сөздерді табады. -кестеге орналастырып, анықтама береді. -мәтін бойынша түйінді ойларын айтады. Шығармашылық жұмыс 1. Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту 2. Қасқыр туралы қысқаша мәлімет 3. Қасқыр туралы 5 жолды өлең құрастыр Сабақты бекіту. Әңгімені тізбектей оқу. Бекіту сұрақтары: 1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж) 2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы) 3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр) 4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа) 5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр) Қорытынды. Әуезовтен жетті бізге көп дерек, Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек. Шуылдасып ауылдың көп иттері, Жабылыпты Көксерекке көп төбет. Жасалған қорытынды. ( пікір алысу) Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы. Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді. Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық. Жер бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.
|
Мәтін жазылған парақшалар, жаңа сөздер парақшасы, сұрақтар жазылған веер қағаздары, интерактивті тақта. Қалыптастырушы бағалау жобасы, attachment/ 15244614950000000472/0;1
Қалыптастырушы бағалау жобасы, attachment/ 15244614950000000472/0;1 А4 парағы
Үлестірмелі материалдар, бағалау парақшалары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы |
Сабақты «Ойлаудың алты қалпағы»әдісімен қорытындылаймын. Сабақтың басында топқа бөлінген кезде қандай түске ие болса ,сол түс бойынша қалпақты киіп, сабақ бойынша алған ақпараттарымен бөліседі.
Кері байланыс «Желкенді қайық» бойынша жүргізіледі.
Бағалау парақшасында бағалау жүргізіледі.
|
Түрлі түсті қалпақтар,кері байланыс қағаздары, интерактивті тақта,бағалау парақшалары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат Қасқырдың қорғауға алынған қандай түрлері бар? «Қара кітап» дегенді естігендеріңіз бар ма?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
· Барынша қолдау көрсету: · Ауызша сұрақтарға жауап береді.Ашық сұрақтар беріп, қолдау көрсетемін. · Орташа қолдау көрсету: мәтін бойынша жұптасып, сұрақ — жауап құрастырады. · Аз қолдау көрсету. · Өз бетінше ізденіп, перифраз сөздердің мағыналарын анықтауға, мәтін бойынша түйінді ойларын , пікірлерін айтуға тапсырма беріледі. |
· Дескриптор нәтижесінде бағалау парақшаларында · қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.Топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша жүргізіледі. |
· Сабақ үдерісінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән беріледі.Интерактивті тақтадан материал көрсетіледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,
қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1:
2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1:
2:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||