Достықты сақтау – киелі іс

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Достық пен татулық — таптырмас бақыт

Сабақтың тақырыбы

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.3.1. Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту.

Сабақтың мақсаттары

—          Ықпалдарды ажырату;

—          Қолданыста дұрыс пайдалана алу

Бағалау критерийлері

—          Ықпалдарды түсінеді, ажыратады

—          Ауызша мәтін құрауда ықпалдардың заңдылықтарын ескеріп айтады

Дескрипторлар

1.      Мәтіннен ықпалдардың түрін ажырата алады.

2.      Ауызша мәтінде ықпалдардың заңдылықтарын ескеріп айтады.

Құндылықтар

Ашықтық, ұлттық құндылық, өзара ынтымақтастық, достық, татулық

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ дағдылары

Слайд, онлайн-сөздік

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткен сабақтардағы оқушының білім-білік дағдыларының артуы, тілдік қолданыстары, сөздік қорларының дамуы

Тілдік міндеттер

Тілдік дағдыларға қатысты терминдер: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал, заңдылыққа бағыну, орфоэпиялық норма

Айтылым дағдыларын дамытудағы тілдік қолданыстар: достық – таптырмас бақыт, досы көпті жау алмайды, амал дос, адал дос, сенімділік, тірек бола білу, дос сенімі т.б

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5мин

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру

Ықпал заңдылықтарына қатысты білімдерін еске түсіру

1-топқа берілетін сөздер

Адалдығы

Бараалмайды

Түнгі

Тауып әкелді

2- топқа берілетін сөздер

Ашса

Сарықыз

Көзқарас

Әрқалай

3- топқа берілетін сөздер

Қазанқап

Досжан

Күнкөру

Топтар сөздерді дұрыс айту арқылы ықпалдардың түрлерін ажыратады.

 

Слайд 1-2

Оқушыларға сөздер жазылған парақтар таратылады.

 

 

Слайд 3

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

8+2мин

 

 

 

 

5+20 мин

 

 

 

 

Топтарға Т.Айбергеновтың «Бір тойым бар» өлеңі таратылады.

1-тапсырма (топпен жұмыс)

Оқушылар өлеңді топта мәнерлеп оқи отырып, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдарды табады. Оны дәлелдейді.

(Мысалы:

Кейінді ықпал — адалдығы, күнгі, нысанаға ап, бетке ал

Ілгерінді ықпал —  қыз қуатын, бір күлемін, сол күні т.б )

 

Бағалау. Топтар өзара «+», «-» әдісі арқылы жұмыстарына кері байланыс береді.

 

2-тапсырма (жеке жұмыс)

«Досы көпті жау алмайды» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Мәтініңізде ықпалдың түрлерін қолданып, заңдылықтарын ескеріп сөйлеңіз.

Төмендегі тілдік қолданыстарды мәтініңде пайдаланыңыз.

достық – таптырмас бақыт, досы көпті жау алмайды, амал дос, адал дос, сенімділік, тірек бола білу, дос сенімі т.б

 

Бағалау. «Екі тарапты баға» әдісі арқылы жұмыстары бағаланады

1-тарап – оқушылардың пікірі

2-тарап – мұғалімнің кері байланысы

Жұптық жұмыс

1-тапсырма.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

1.Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру.

2-тапсырма.

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса — іздеп таба алмайсың.(Абай)
1. Жақсы жос пен жаман досты қалай айыруға болады?
3-тапсырма

Т.Айбергеновтың «Бір тойым бар» өлеңінен үзінді оқу.

Бәйге берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам дегенжүреккеотберемін.

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

1.Автордың көңіл күйі қандай?

2.Достарына не тілейді?

ҚБ. Топтар бірін бірі бағалайды.

https://www.zharar.com/kz/olen/2035-aybergen.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 4

Сабақтың соңы

5мин

 

Кері байланыс. Оқушылар «бес саусақ» арқылы кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма. Ықпалдарға байланысты заңдылықтарды қайталап келу

Слайд 5

Кері байланыс парағы

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация тапсырмаларда көрініс табады,

Оқушылар жеке жұмыс та, , топпен жұмыс та жасайды. Жоғары деңгейлі оқушылар топта қолдау көрсетеді.

           

           

Әр тапсырмадан соң бірін-бір бағалайды,топтардың бағалауы және мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау іске асырылады.

Пәнаралық  байланыс – өзін-өзі тану пәнімен байланыс көрінеді.

АКТ  — оқушыларға сабақ презентациясыа қатысты мәлімет үшін пайдаланылады. Құныдылықтар оқушы жұмысында көрініс табады, талдайды, байланыстырады, салыстырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

                 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *