САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті Бөлім атауы Сауда жасай білесің бе?
|
Мектеп: |
||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Сатып алушының бейнесі |
||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.3.2.1 — оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу. 8.3.1.4 — мұғалім қолдауымен сөйлеу барысында есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану. |
||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Т ақырып бойынша сөйлеуге жетелеу, өз ойларын айта отырып пікір таластыру, жұптық қатынысқа түсу |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Қажетті мәліметті іріктейді; Мәліметті эссе жазуда тиімді қолданады |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пән лексикасы және терминология: Нейромаркетинг, қызмет көрсету, әсер ету, жағымды, нәтиже т.б. |
||||||||
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Экономика, психология |
||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Сауданы сауатты жасау жолдары. |
||||||||
Жоспар |
|||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||
Сабақтың басы 5 мин |
Сұрақ-жауап: Психологиялық жағдай тудыру, «Еден-төбе-мұрын» (2 мин) Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. Оқушылар полилог барысында өз ойларымен бөлісіп, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсатымен танысады. |
Таныстырылым |
|||||||
Сабақтың ортасы
20 мин
50 мин
|
Жазылымға дайындық жұмысы Оқушылар мәтінді оқып,қысқарта (ықшамдап) мазмұндайды. Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннен айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып,ең негізгі,түпкі ойды жазады. Қысқарта мазмұндаудың да өзіндік маңызы бар, өйткені әңгімедегі іс-әрекеттердің негізгі мен қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады.Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып,қажетті материалды жинақтауға,көп ойды аз сөзбен беруге,пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады.Мазмұндаманың бұл түрі оқушыларды сөзді талғап,таңдап қолдануға,сөйлемді жинақы құруға,аз сөзбен көп мағына беруге,тілін ширатуға септігін тигізеді. 1. Топтық жұмыс: Топтастыру стратегиясы арқылы ұлттық тағамдардың түрлерін еске түсіру: 1-топ: ет тағамдары, 2-топ:сүт тағамдары. Әрбір топқа тағам түрлерінің аттарын жазғыз және сатып алу жолдарын көрсету Жұптық жұмыс Әңгіме бойынша талдау
Мәтінмен жұмыс жасау нәтижелері топ ішінде талқыланып, ең ұтымдылары ортақ флипчартқа енгізіледі. Сыныпта жұмыс жасаған әр топтың флипчарттары тақтаға ілінеді, кейін оқушылар эссе жазған кезде тақта алдына жақындап оқып отыруына жағдай жасалады.
Жазылым. Жеке жұмыс. Эссе тақырыбы: «Сауда-саттық саласында сатып алушыларға қатысты нейромаркетинг әдістерін қолдану қаншалықты әділетті деп ойлайсыз?»(100-120 сөз) «Ыстық орындық» әдісі бойынша 3-4 дайын жұмыс сыныппен бірге тексеріліп, «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы бағаланады. Қалғандары жұмыстарын мұғалімге тапсырады, немесе келесі сабақтың басында тексеріледі. |
Мәтін |
|||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Рефлексия «Блоб ағашы»
Үйге тапсырма: Жағдаят: сіз — дүкен бастығысыз. Сауданың жақсы жүруі үшін қандай әрекет жасар едіңіз?
|
|
|||||||
Қосымша ақпарат
|
|||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||
|
|
|
|||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
|||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|||||||||