САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
Бөлім атауы |
Сауда жасай білесің бе? |
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар» |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т4. Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау. |
|||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбы бойынша өлеңді түсінеді,көркемдегіш құралдардың мағынасын жазады, сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?…деген сұраққа жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңнен көркемдегіш құралдарды қолдана отырып диалог құрастырады, сұрақтарға жауап бере алады. Кейбір оқушылар орындай алады: көркемдегіш құралдарды қолданып, эссе жазады, өз ойын жазбаша жеткізеді. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
· Тақырыбын анықтайды; · Идеясын анықтайды |
|||||||
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбында көркемдегіш құралдарды табады, мағынасын түсінеді, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, диалог, эссе жазады, қорытынды жасай алады. Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері): нәрсе(зат), сома(ақша), маржан(әшекей, бұйым), пайым қылмайды (мағынасына көңіл бөлмеу), аң – таң (таңғалу), жалпақ жұрт( бүкіл жұртқа, елге), тесік моншақ( керек нәрсе жерде жатпайды), шырақ (шам),сәулесі бар жігіттер(саналы жігіттер) Диалог, эссе жазуға арналған пайдалы тіркестер: үлкен, базар, біреу,халық, ақша, әртүрлі заттар, көңілді,сатып алады, жарнамалайды, сауда жасау білесің бе?, үйренгім келеді, қиын емес,ескеру керек. Талқылауға арналған сұрақтар: — бейнефильм не туралы? — оны неден көріп тұрмыз? — базарда не сатылады? — сен базарда болдың ба? — сен базардан не сатып алдың?
|
|||||||
Құндылықтар |
Біреу астық алады, біреу — маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар… |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Ұлы Жібек жолы |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||
Сабақтың басы 5 мин |
Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыпты «Миға шабуыл» стратегия бойынша бейнефильмді көріп сұрақтарға жауап береді. оқушылардың білімдерін тексеру. Сабақ тақырыбы анықталды. Мақсаты хабарланды. Бағалау дескрипторы ұсынылады(тақтада көрсетіледі)
Тірек сөздер: базар, іздеу, табу, ақша, баға, ойлану Оқушылар жұптық талқылауда ойларымен бөліседі. Оқу мақсатымен танысады. |
Таныстырылым |
||||||
Сабақтың ортасы
5 мин
15 мин
10 мин
|
Тыңдалым алдындағы тапсырма: Бір-біріне байланысқан тірек сөздерге қатысты “миға шабуыл” әдісін қолданыңыз. Оқушыларды негізгі тақырыпқа жетелейтін түрткі сұрақтар қойыңыз. Тілді үйренуде қолдауды қажет ететін оқушыларға берлген тірек сөздердің суретін қоса ұсынуға болады. 1 – тапсырма. (Барлық оқушылар орындайды) Сабақ басында түстер арқылы топқа бөлінеді. «Миға шабуыл» стратегия бойынша бейнефильмді көріп сұрақтарға жауап береді. — бейнефильм не туралы? — оны неден көріп тұрмыз? — базарда не сатылады? — сен базарда болдың ба? — сен базардан не сатып алдың? Барлық оқушылар орындайды Абай Құнанбайұлының портретіне қарап, ақын туралы не білуін анықтайды. Қосымша мұғалім сұрақтармен жетелейді( Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер? Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз? )
— Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? — Балалар бүгін біз сабақта Абайдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңімен танысамыз және «Сауда жасай білесің бе?» деген сұраққа жауап береміз, диалог, эссе жазамыз. Сабақ тақырыбы анықталды. Мақсаты хабарланды.
Тыңдалым тапсырмасы: Оқушылар «Карусель» әдісі арқылы Абай Құнанбаевтың «Базарға қарап тұрсам әркім барар»өлеңімен танысады, түсінгендерімен бөліседі. Абай Құнанбаевтың «Базарға қарап тұрсам әркім барар»өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашуға септігін тигізетін «Блум түймедағын» қолдана отырып, бірнеше сұрақ қойылады.
Мысалы: 1. Абай бұл өлеңді кімге арнап отыр? Неге олай ойлайсың? 2. Егер сен автор болсаң «…Әркімге бірдей нәрсе бермес базар» деген қатарды қалай түсіндірер едің? Оқушылардың қабілетіне қарай сұрақтарды үлестіруге немесе таңдауды өздеріне қалдыруға да болады. Бұл арқылы сыныптағы саралау мен бағалауды тиімді ұйымдастыруға болады. Оқушылар сұрақтарға берілген жауаптар мен талқылау нәтижелеріне сүйеніп, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды. Жұптық жұмыс Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай аң – таң қалар. Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден біреу алып, елге тарар. Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай – ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
(өлең мазмұны балаларға таратып беріледі) 2- тапсырма (барлық оқушылар орындайды) «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңі бойынша, көркемдегіш құралдарын табады, мағынасын жазады, түсінік береді. Сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?…(сұраққа жауап беру үшін, суреттерді сөйлемдермен сәйкестендір) Оқушылардың көпшілігі орындай аладыкөркемдегіш құралдарды қолданып «Сен сауда жасай білесің бе?» атты диалог құрастырады. Сөйлесу негізінде «Драма» қойылады Кейбір оқушылар орындай алады көркемдегіш құралдарды қолданып Абай заманындағы және қазіргі заманындағы базарды салыстыра отырып эссе жазады .сабақ барысында топ басшылары дескрипторлар арқылы оқушылардың жұмыстарын бағалайды, жиынтық бағасын мұғалім қояды Тыңдалымнан кейнігі тапсырма Оқушылар өлеңнен алынған жолдың идеясын өз пайымдаулары бойынша әрі қарай өрбітіп, ойды қорытындылайды. Базарға қарап тұрсам әркім барар, Бірақ … Өйткені…. Сондықтан… |
https://www.zharar.com/kz/olen/1145-stihi.html Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Базарға, қарап тұрсам, әркім барар)
|
||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Рефлексия «Пирамида»
Кері байланыс: (барлық оқушылар орындайды) Попс әдісі Менің ойымша,…. Мен мұны былай дәлелдеймін… Дәлел ретінде мысалдар келтіремін…. Мынадай қорытынды шешімге келдім….. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау
|
|
||||||
Қосымша ақпарат
|
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||
|
|
|
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|