Білім ғылымның табысы

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: 120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні: Клушева Г.О.

Сынып: 8Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Білім. Ғылым. Инновация

Сабақтың тақырыбы

Білім  ғылымның табысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Ж3. Жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу.

8.ТБ5.  Болжалдық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын түсінеді, қолдана алады;

ойдан шығарып сюжетті әңгіме құрастыруға тырысады.

Кейбір оқушылар сюжеттік әңгіме жазуда кейіптеу немесе символдарды ұтымды қолданады.

Жекелеген оқушылар мазмұнды әрі қызықты әңгімелер жазып шығады.

Бағалау критерийлері

Символ мен кейіптеуді қолданып, сюжеттік әңгіме жазады

 

Тілдік құзіреттілік

Ауызекі және жазбаша сөйлеу түрлері

Дескрипторлар

·         Болжам жасай алады

·         Болжалдық сан есімдермен сөйлем құрастырады

·         Сюжеттік әңгіме құрастырып жазады

·         Символ мен кейіптеуді қолданады

Құндылықтар

Өмір бойы оқу, жаһандық азаматтық, патриотизм, азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Физика, математика, география, химия, ҚӘҚ

АКТ дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Білім. Ғылым. Инновация

Тілдік міндеттер

Инновация, жаңашылдық, өнертабыс, өнертапқыш, символ, кейіптеу, қиял

Жоспар

Жоспарла

натын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы

 

 

3мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Адасқан әріптерден сабақтың кілтті сөзін тауып көріңіз.

 

ИЦНАВНОЯ      (ИННОВАЦИЯ)

 

Тақырып не туралы болады деп ойлайсыз? Шағын бейнеролик тамашалайды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=r6Ld5VZ7QZ4

 

Кейін болжалды сан есімдерді қолдана отырып, жақын болашақта қандай өнертабыстар ашуға болатынын болжап айтады. Мысалы, 2018 жылы мыңдаған шақырымды жарты күнде жүріп өтетін жүрдек пойыз іске қосылады. Бес-алты күнде емделетін аурулар ғылыми жетістіктер арқасында жиырма шақты сағатта емделіп жазылады.(мұғалім бірнеше мысал айтады, оқушылар жалғастырады)

Болжалды сан есімдер нақты емес, болжалдық сандардыбілдіреді. Жасалу жолдары:

1. -лаған/ -леген; — -даған/-деген; -таған/-теген. Мысалы, жүздеген, мыңдаған, ондаған

2. -лап, -леп, дап,-деп, -тап, -теп. Жүздеп, мыңдап, қырықтап, елулеп.

3. -дай, -дей, -тай, -тей. Жүздей, мыңдай, қырықтай, елудей. екі аптадай, жүз жылдай, он күндей. 

4.шақты, шамалы, тарта, астам сөздердің жалғануы арқылы. Мысалы,100-ден астам, 40-қа тарта, 30 шақты, 80 шамалы, т.б.

 

 

Слайд №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №2

 

Сабақтың ортасы

 

30 мин

 

 

 

Жазылымалды тапсырма

Мұғалім оқушылармен бірге  символ және кейіптеудің ерекшелігін бірге талдайды, мысалдар келтіреді.

 

Символ — шартты белгі- бір нәрсені құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, ойды да ашық айтпай, тұспалмен түсіндіру.

Мысалы,ақ көгершін — бейбітшіліктің белгісі.

Кейіптеу–әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. 

Мысалы,

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Жазылым тапсырмасы

1.      Бейнеролик мазмұнын негізге алып, қиял әлеміне саяхаттап 2-3 минут ойланыңыз.

2.      Кейіптеу мен символ тәсілдерін қолданып, болашақтағы жаңа өнертабыстар туралы сюжетті әңгіме жазыңыз.

(Мұғалім сынып деңгейіне қарай сөз саны, кейіптеу және символ санын өзі анықтайды)

Дескрипторлар:

·         Әңгіме құрылымын сақтап жазады

·         Кейіптеу немесе символдардықолданады

·         Тақырыпты ашып жазады

Жазылым барысында мұғалім сыныпты аралап, оқушыларға көмектеседі.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіндегі ана  жайлы сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңіз.

 1. Ана- баланың ең мейірімді қамқоршысы.

 2. Кез келген ана баласымен бірге күледі,жылайды.

 3. Ана өзіне қауіп төнсе де, баласын ешқашан жалғыз   тастамайды

 4. Ана баласына бесік жырын айтып береді.

 5. Ана  баласын ыстық алақанына алады, құшағына басады

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

—  «Қаз-қаз балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам!», — деген тілек сөз қандай тойда айтылады?

—  «Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»,-деген қанатты сөз кімге арналған?

—  «Жар-жар» әні қай тойда айтылады?

— Баланың құлағына қай дәстүрде үш рет айқайлайды?

 7-тапсырма. «Жас отбасының тұрғын үй мәселесі» деген тақырыпта жоба жазыңыз.

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

____________________________________________________________

Керекті сөздер:Жас отбасы, мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары,жетіспеу, тұрмыстық жағдай, мемлекттік бағдарлама, пайызсыз несие, қаражат, тұрғын үй, құны төмен, қабілетті.

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

 

«Автор орындығы» Оқушылар 2-3 жұмысты оқиды, оқушылар бағалайды.

«f» бағалау  «Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалімнің кері байланысы

 

 

Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

мин

 

 

Кері байланыс: Ұсынылған түстерден екі түсті таңдайды, түсіндіреді

 

Үйге тапсырма:Инновациялар әлемі тақырыбына блог жазба дайындау

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.        

           

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс – физика, химия, география, математика, ҚӘҚ.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылардың барлығы болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын түсінеді, қолдана алады;

ойдан шығарып сюжетті әңгіме құрастыруға тырысады.

Кейбір оқушылар сюжеттік әңгіме жазуда кейіптеу немесе символдарды ұтымды қолданады.

Жекелеген оқушылар мазмұнды әрі қызықты әңгімелер жазып шығады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Болжалдық сан есімдердің жасалу жолдарын қайталап, оқушылар бірден жақсы мысалдар келтіре алды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Кейбір оқушылар қиналған жағдайда сюжеттік әңгіменің мысалы берген дұрыс болады.

Әңгіме құрылымын тақтаға жазып қою тиімді болады.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Инновациялық өнертабыстар туралы не білетіні жайлы ақпарат алуға болады.

                 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *